SpaceX компаниясының Starship ғарыш кемесі төртінші сынақ бойынша миссияны сәтті орындады. Алып зымыран Үнді мұхитына қонды.
«Су бетіне сәтімен қону расталды! Барлық SpaceX командасын Starship-тің төртінші ұшу сынағымен құттықтаймыз!» делінген компания мәлімдемесінде.
BBC ақпараты бойынша зымыран-бустер Техастағы Бока Чика ұшыру алаңынан жергілікті уақыт бойынша 07:50-де (GMT 12:50) көтерілді.
«Көптеген (қаптау) панельдерінің жоғалғанына және қақпақтың зақымданғанына қарамастан, кеме мұхитқа «жұмсақ» қонды!», – деп жазды SpaceX негізін қалаушы Илон Маск өзінің Х әлеуметтік желісінде.
SpaceX-тің үшінші сынақта ұшырған жабдығы әуеде құлаған еді. Мамыр айында Илон Маск келесі кезеңге дайындалатынын мәлімдеді. Маск уәдесін орындады. Starship кемесі 6 маусым күні мұхит бетіне қонды.
Солтүстік Королинадағы Кентон таулары маңындағы кемпингке құлаған Crew-7 миссиясы үшін ұшқан Dragon зымыранына тиесілі модуль бөлігі табылды. Зымыран наурыз айында халықаралық ғарыш айлағынан жерге оралған.