2023 жылы Қазақстанда шамамен 41,4 миллион тонна алтын өндіріліп, оның ішінде тазартылған алтын көлемі 73 тонна болған. Бұл туралы Астана қаласында өткен Astana mining and metallurgy-2024 форумында айтылды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметтері бойынша, 2023 жылы шамамен 41,4 млн тонна алтын өндірілген. Өндірілген тазартылған алтын шамамен 73 тонна..
«Бүгінгі таңда алтынды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалануға 137 келісімшарт жасалды, оның ішінде барлауға – 74, өндіруге – 31, бірлескен барлау мен өндіруге – 32. Еңбекақы төлеу орындары бойынша жетекші орынды Шығыс, Солтүстік және Орталық Қазақстан өңірлері алады», – деді Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев.
2022 жылы отандық кәсіпорындар 129,5 тонна көлемінде өңделмеген алтын өндірген. Бұл 2021 жылдағы көрсеткіштен 12,8%-ға көп.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында зергерлік бұйымдарды өндіру көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмендеген. Осылайша былтырғы 12 айда қазақстандық компаниялар 1,2 млрд теңгенің зергерлік және соған ұқсас бұйымын өндірген. Ал 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1,4 млрд теңгеге болатын өнім шығарылған.
Алтын сында бағалы металл бағасы әлемдік нарықта да қымбат. Сарапшылар күзге қарай 1 унция алтын 2200 доллар болады деген болжам жасайды.