Жаңалықтар

9 маусымда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол уақытша жабылады

9 маусымда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол уақытша жабылады / Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

9 маусымда Алматыда «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде жыл сайынғы Alatau Run-2024 тау жарысы өтеді. Осыған байланысты Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол жабық болады.

«2024 жылдың 9 маусымында (жексенбі) сағат 07.30-дан 10.30-ға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесі бойымен «Медеу» СК-нің іргелес бөлігіндегі тұрақтан «Шымбұлақ» МК-ге дейінгі қозғалыс ішінара жабылады», – делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл аймақта шараның өтуі тек автомобильдер жүрісіне әсер етеді. Алайда жаяу жүргіншілердің тауға шығуы мен серуендеуіне еш кедергі болмайды.

Жарысқа байланысты екі қашықтық бойынша, яғни веложарыс пен жаппай жүгіру болады: Медеу–Горельник, Медеу-Шымбұлақ, 3 негізгі дисциплина бойынша: жүгіру, велосипед пен скандинавиялық серуендеу.

Осыған дейін велоспорттан Азия чемпионатының өтуіне байланысты 6, 7, 8 маусым күндері  сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Б. Момышұлы көшесінің батыс жағымен солтүстік бағытта «Алматы Арена» кешенінен Саин көшесіне дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс жабылған.