Набоковтың әліппесі, Янычар деген кім? – Qalam-ның апта таңдауы
Осы аптада Qalam порталынан жинаған жаңа топтаманы ұсынамыз. Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізуді жоспарласаңыз бізбен бірге болыңыз. Осы аптада Осман әскерінің элитасы янычарлардың міндеті мен тұрмыс-тіршілігі, 20 ғасырдың көрнекті жазушысы, аты шулы Владимир Набоковтың шығармашылығына арналған әліппе, үрей тудыратын «қара аққу» түсінігі мен сырға толы «индиго» сөзімен аталған түстің тарихы туралы оқимыз.
Янычар деген кімдер?
Янычарлар немесе «жаңа әскер» — осман әскерінің элиталық бөлімшелері, оған тартымды әрі күшті христиан құлдарын іріктеп алатын. Олар тұрмыста сопы-дәруіштерге еліктейтін, ал соғыс алаңында үрей мен қорқыныш тудыратын. Сұлтандарға бұл ерекше әрі қорқынышты жауынгерлер не үшін қажет болды?
Янычарлардың жасақталуы туралы бірінші бөлім.
Янычарлардың тұрмыс-тіршілігі туралы екінші бөлім.
Набоковтың әліппесі
20 ғасырдың көрнекті жазушысы, аты шулы «Лолита» романының авторы, Владимир Набоковтың 125 жылдығына орай Qalam жасаған материалда қаламгер шығармашылығының қыр-сыры.
Бірінші бөлім.
Екінші бөлім.
Қара аққу
Бүкіл тарих бойына Еуропа жұрты аққулар тек ақ түсті болады, ал «қара аққуды» — бүкіл таптаурындар мен түсініктерді талқандайтын ғажайып құбылыс деп санаған. Ақылға сыймайтын, мүмкін еместей көрінген әрі көзге елестете де алмайтындай түсініктер туралы материал.
Апта түсі: индиго
Көк түстің ең әуелгі әрі негізі реңкі неге «индиго» деп аталды? Бұл бояғыш түсін жасау үшін құлдық плантациялары ашылған, ал қазіргі заманда осы түстес киімді әр үйден кездестіруге болады. Ол қандай киім және бұл түстің тарихына арналған материалды Qalam сайтынан оқыңыз.
Алдыңғы апта таңдауына да көз жүгіртіп өтіңіз.