Техникалық ақау салдарынан Telegram мессенджерінің қызметі уақытша тоқтады

Жарияланды (жаңартылды )
Telegram мессенджерінің қызметі уақытша тоқтады / kursiv.media архивінен

Telegram мессенджерінің жүйесіндегі ақауға байланысты желі қолданушылары хат жолдай алмады, медиафайлдар жүктелмеді.  8 маусым күні желі қызметінде ауқымды түрде үзіліс болды. 1 сағаттан асқаннан кейін телеграм қайтадан іске қосылды. Еуропа, Ресей, Таяу Шығыс пен Азия аймағында сервер дұрыс жұмыс істемеді.

Downdetector мәліметтері бойынша, 70%-ы серверге қосылғанда, ал 30%-ы қолданбаға кіргенде қиындықтарға тап болған. Смартфондарда орнатылған қолданбалар қызметі баяулады. Соңғы рет мамыр айында да жаппай Telegram мессенджерінде байланыс үзілген.

2023 жылдың 28 қазанында азаматтардың дербес деректеріне елеулі қауіп төндірген 8 Telegram-бот бұғатталған. Цифрлық даму министрлігі мұндай Telegram-боттарды пайдаланбауға және насихаттамауға, сондай-ақ өздерінің дербес деректерін жалпыға қолжетімді көздерде және әлеуметтік желілерде қалдырмауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз