Әлия Назарбаева қос кәсіпкердің үстінен сотқа шағымданып жеңіліп қалды

Жарияланды
Шығарушы редактор
алия
Сот шешімі шықты/ Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Әлия Назарбаева қазақстандық кәсіпкерлер – Нұрлан Бимурзин мен Медғат Қалиевтің үстінен «рейдерлік бойынша жала жапты» деп сотқа шағым түсірген. Алайда экс-президенттің қызы сотта жеңіліп қалған. Бұл туралы ҚазТаг агенттігі хабарлайды.

«Әлия Назарбаева адвокаттары арқылы Н.С.Бимурзин мен М.Г. Қазиевті жала жапқандары үшін жауапкершілікке тартуды сұраған. Өткен аптада сот еш заң бұзылмаған соң, істі қысқарту туралы шешім шығарды», – деді Нұрлан Бимурзин.

Наурыздың ортасында Бас прокуратура Назарбаева рейдерлік жолмен бизнесті басып алды деп айыптаған мәлімдемені қабылдағанын растады.

Кәсіпкердің айтуынша, 2003 жылы «Ескі Қазақстан» өкілі әкесінің кәсібін тартып алған. Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Роговтың әйелі Валентина Рогова мен Әлия Назарбаев оның әкесіне тиесілі 7 мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекетін тартып алған. Активтердің жалпы құны 170 миллион долларды құрайды.

Бұған дейін, ол құқық қорғау органдарына арыз жазған. Алайда кейін оның арызына полиция Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 179-бабына сілтеме жасап, іс қозғай алмағанын хабарлады. Енді кәсіпкер қарсы тараптың қорқытып-үркіткеніне қарамастан, марқұм әкесінің бизнесін қайтармақ.

Кәсіпкер жанармай құю станциялары мен мұнай базасы желісі кейіннен Sinoil жанармай құю станциялары желісінің бір бөлігіне айналғанын айтады. Активтерін толық қайтара алмаса да, кәсіпкерлер 20 жыл бойы түспеген табысын дауламақ.

Сондай-ақ оқыңыз