Алматыда Ричард Брэнсон, Джефф Хоффман және Брайан Трейсидің қатысуымен халықаралық форум өтеді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
 "New Vision: Бизнес күші"форум
Алматыда «New Vision: Бизнес күші» халықаралық форумы өтеді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

27-29 маусымда Алматы қаласында алғаш рет «New Vision: Бизнес күші» жаһандық бизнес-форумы өтеді. Оған Ричард Брэнсон, Джефф Хоффман, Брайан Трейси сынды белгілі бизнесмендер мен отандық кәсіпкерлер қатыспақ.

Форум барысында AI дәуіріндегі жаһандық мегатрендтерге, бизнес пен нарықтарға және өзгерістер дәуіріндегі көшбасшылық талқыланбақ,

Іс-шараға түрлі сала өкілдері: бизнесмендер, инвесторлар, технологиялық көшбасшылар, коучтер мен өнер қайраткерлері, олардың ішінде интернет новаторы — Джефф Хоффман, Virgin Group негізін қалаушы — Ричард Брэнсон, жетістік психологиясы саласындағы әлемдік сарапшы — Брайан Трейси, Astana Group иесі, меценат — Нұрлан Смағұлов, Kusto Group негізін қалаушы-серіктесі, YPO Kazakhstan төрағасы — Қанат Көпбаев, Freedom Holding иесі Тимур Турлов, «Mr Body Language», 15 бестселлер авторы — Аллан Пиз, бизнесмен Мұхтар Жәкішев, BI Group акционері, филантроп — Айдын Рахимбаев, Прасанна Санкар — құны 11,5 миллиард долларға бағаланған Rippling қызметкерлерді басқару стартапының негізін қалаушы және басқа да көрнекті кәсіпкерлер қатысады.

New Vision аясында түрлі форматтар қарастырылған: панельдік сессиялар, воркшоптар, көрме, тәлімгерлік аймағы, ашық пікірталастар. Биыл форумға Димаш Құдайберген қатыспақ.

Қазақстандағы су тасқынына байланысты осы іс-шарадан түскен табыстың 50%-ын зардап шеккен өңірлерге аударылады. Форумды Nobel Fest әлемдік ғылыми фестивалі Young Presidents Organization Kazakhstan (YPO)-мен бірлесіп ұйымдастырады.

  • Күні: 2024 жылдың 27-29 маусымы
  • Уақыты: 08:00 — 18:00
  • Өтетін жері: Алматы қаласы, Республика сарайы — негізгі алаң, «Қазақстан» қонақүйі, «Novotel» қонақ үйі.

БАҚ үшін байланыс нөмірі: +77019992819.

БАҚ мына сілтеме бойынша аккредитациядан өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз