Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында Ұйымға мүше барлық мемлекет үшін анағұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарға назар аудару қажет деп тұжырымдайды. Оның пікірінше, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ақпараттық саладағы қылмыс секілді сын-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне айрықша мән берген жөн.
Бұл жайында мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдағанда айтты.
Ақорданың хабарлауынша, кездесуде Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезеңіндегі негізгі міндеттерін жүзеге асыру талқыланған.
Кездесу барысында Президент өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында басқа да халықаралық құрылымдармен конструктивті ынтымақтастықты жолға қою маңызды екенін айтты.
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтыр қараша айында өткен сессиясында Қазақстанның бастамасымен қабылданған Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөнінде мәлімет берген.
2024 жылы ҰҚШҰ-ға Қазақстан төрағалық етеді. 30 мамыр күні ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы басталды.
Ал 2-3 маусым аралығында Алматыда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің, ал 5-6 маусым күндері ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары Комитетінің отырысы өтті. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиын барысында астанасын Шығыс Иерусалим деп белгілеп, Палестина мемлекетін құруды ұсынды.