Қазақстандықтар автонесиенің арқасында отбасын бағып, кредиттерін төлеп отыр – Бірінші кредиттік бюро басшысы

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Автонесие портфелінің көлемі 2,8-2,9 трлн теңгені құрады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда автонесиеге сұраныс артты. Оған халықтың әл-ауқатының төмендігі себеп. Бұл туралы Алматыда өткен KURSIV/AUTO 2024 форумында Бірінші кредиттік бюро бас директоры Руслан Омаров мәлім етті.

Оның айтуынша, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша автонесие портфелінің көлемі 2,8-2,9 трлн теңгені құрады. Автонесие бойынша келісімшарттардың жалпы саны 480 мыңнан асты. Ал борышкерлер саны 450 мың шамасында. Сәйкесінше кейбір адамның 2-3 несиесі бар.

«Неге бізде автонесиелеу артып келеді? Себебі халықта ақша жоқ. Халық автонесие алып, тасымалдау қызметін көрсетіп, қосымша табыс таба алады. Мемлекетке қарағанда, автонесиелеу ұсынатын және такси агреаторлары халыққа табыс табуға көбірек мүмкіндік жасап отыр. Халық осы автонесиенің арқасында отбасын бағып, сол арқылы қарыздарын төлеп отыр. Халық автоны жеке қолданыс үшін емес, табыс табудың жолы деп қабылдайды», – деді Бірінші кредиттік бюро бас директоры.

Еске сала кетсек, Қазақстанда екінші ай қатарынан автокөлік сатылымы төмендеп келеді. Қазақстан автобизнес қауымдастығының басшысы Анар Мақашева бұған 2024 жылдың 1 сәуірінде енгізілген борыштық жүктеме коэффицентін қатаңдату әсер еткені айтты.

Сондай-ақ оқыңыз