Лицензиясынан айырылған QIWI банктің тұтынушыларына қаражат шілдеден бастап қайтарыла бастайды

Жарияланды
QIWI банктің тұтынушыларына
QIWI банктің тұтынушыларына қаражат қайтару жұмыстары қыркүйекте аяқталады / Фото: kursiv.media

QIWI банктің тұтынушыларына 2024 жылдың қыркүйегінен бастап ақшасы қайтарыла бастайды. Бұл жайлы «Депозиттерге кепілдік беру агенттігі» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Андрей Мельников мәлімдеген.

Агенттік басшысының хабарлауынша, қаражат банк кредиторлары мен QIWI-әмиянының иегерлеріне қайтарылады. Мельников тұтынушылардың барлық талабы қанағаттандырылатынын айтқан. Агенттік өкілі бұл жұмыстардың қыркүйекке дейін аяқталатынын атап өткен.

«Мен ақша жеткілікті екенін айтқым келеді. Алдағы айларда Qiwi Bank кредиторларымен есеп айырысу тұрғысынан не күтіп тұрғанын айтып өтейін. Бірінші кезең 13 маусымда басталады. Біз ол күні кредиторлар жиналысын өткізіміз. Ал 19 маусымда өтініштерді тіркеу тізілімін жабамыз. Алайда бұл өтініш бермегендер ақша ала алмайды дегенді білдірмейді. Олар өз қаражатын өтініш бергендерден кейін алады», – деді ол.

Ал шілдеден бастап, төлем жасала бастайды. Мельниковтың айтуынша, қазір 64 мың кредитордан 32,5 миллиард рубльге өтініш кеп түскен. Олардың ішіндегі 50 мың адамның өтініші Qiwi әмияндарымен байланысты, олардың жалпы қаражаты жарты млрд рубльді құрайды.

«Әмияндар санына сүйене отырып, біз тұтынушылар саны 9 миллионнан асады деп болжаған едік. Бірақ 9 миллионның ішінен 50 мыңынан ғана өтініш түсті. Ал олардың өтініші бойынша сұралған қаражат орташа есеппен 8 мың рубльді құрайды», – деген агенттік басшысы.

Еске сала кетсек, 21 ақпанда Ресей Федерациясының Орталық банкі Qiwi банкінің лицензиясын қайтарып алды. Реттеуші мұндай шешімді банктің федералды заңдарды, оның ішінде ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күреске (AML/CFT) байланысты қабылдады. Бұған қоса Орталық банктің нормативтік құқықтық актілеріне қайшы әрекеттер тіркелген. Осыдан кейін Qiwi америкалық депозитарлық қолхаттары Мәскеу биржасындағы сауда басында 24,9%-ға, 360,5 рубльге дейін төмендеді.

Осыдан соң, компанияның Қазақстандағы бөлімшесі Qiwi Bank-тің лицензиясына айырылуы елдегі QIWI әмиянын пайдалануға әсер етпейтінін мәлімдеді.  Ақша салып, алып, теңгедегі операцияларды жүргізуіне еш шектеу жоқ екені айтылды.

Ресейдің депозиттерге кепілдік беру агенттігінің дерегінше, QIWI әмиянындағы қаражат электронды төлем құралы және сақтандырылмайды.

Ал 14 наурызда QIWI Kazakhstan ресейлік Депозиттерге кепілдік беру агенттігіне (ДВА) Қазақстан азаматтарына рубль, доллар және еуродағы қалдықтары бар бұғатталған әмияндардағы ақшаны төлеу үшін жүгінгенін хабарлады. Сонда QIWI Депозиттерге кепілдік беру агенттігімен бірлесіп әмияндардағы қаражатты қайтару схемасын әзірлеу процесі басталғаны, қазақстандықтар ақшаларын тек рубльмен қайтара алатыны хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз