Қаржы нарығын реттеу агенттігі Тимур мен Динара Құлыбаевтардың Altyn Bank жанама қатысушысы мәртебесін алуына келісім берді
Тимур мен Динара Құлыбаевтар және «АЛМЭКС Холдинг тобы» АҚ «Altyn Bank» АҚ-ның (мемлекеттік қытайлық China Citic Bank Corporation Limited еншілес ұйымы) ірі қатысушысы (жанама) мәртебесін алуға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің келісімін алды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасында 2024 жылдың 7 маусымында қаулыларды жариялады.
«1) №23 «Тимур Аскарович Кулибаевқа «Altyn Bank» акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру туралы»;
2) №24 «Динара Нурсултановна Кулибаеваға «Altyn Bank» акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру туралы»;
3) №25 «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» акционерлік қоғамына «Altyn Bank» (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) акционерлік қоғамының банк холдингі (жанама) мәртебесін иеленуіне келісім беру туралы», – делінген агенттік сайтында.
«Altyn Bank» АҚ – Қазақстандағы коммерциялық банктің бірі. Банк акционерлері – China CITIC Bank Corporation Limited (50,1%), қытайлық China Shuangwei Investment Co., Ltd. (9,9%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (40,0%).
«Altyn Bank» АҚ бұрын «HSBC Банк Казахстан» АҚ-ның еншілес ұйымы болған. Қазақстанның банктік нарығында 1998 жылдан бері бар. Қаржылық ұйым Қазақстанда алғаш рет жеке тұлғаларға қаржылық қызметтердің толық спектрі бар «Altyn-i» толыққанды цифрлық банкін іске қосты.