Органикалық өнім өндірісін дамытуға байланысты жаңа заң қолданысқа енеді

Жарияланды (жаңартылды )
«Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» заң күшіне енеді/ фото kursiv.media

Тоқаев «Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Ақорда ақпараты бойынша бұл заң табиғи ресурстарды сақтауға және оларды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастырып, органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған.

Соған сәйкес бірқатар жаңа ереже енгізілген:

  • Біріншіден, заңда органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы ұлттық заңнаманың мақсаттары мен міндеттері қайта қаралған.
  • Екіншіден, органикалық өнім өндірушілердің аясы кеңейтілген. Яғни  олардың қатарына жеке және заңды тұлғалардан бөлек, органикалық өнім өндірумен айналысатын бірлестіктерді (жай серіктестіктерді) жатқызуға болады.
  • Үшіншіден, заңда органикалық өнім өндіруге көшу шарттары қарастырылған және оның өндірісіне, таңбалануына және айналымына қатысты талаптар бекітілген.
  • Төртіншіден, органикалық өнім өндірісі саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында өндірілген өнімнің сапасы үшін ерікті қатысу, ішкі бақылау, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік қағидаттарына негізделген бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) құру және оның жұмысы жөніндегі ережелер қамтылған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

2023 жылы Қазақстан органикалық өнімнің экспорты бойынша 123 елдің ішінде 9-орынға тұрақтады. Органикалық өнімдердің әлемдік нарығы 12 млрд еуро шамасында. Соңғы 20 жылда оның көлемі 7 есе өсті.

Органикалық өнім өндірісін дамыту – азық-түлік қауіпсіздігін қорғауға кепіл болатын шаралар жүйесі. Мәжілістің екінші оқылымында өндірушілерге екі бағыт бойынша мемлекеттік қолдау қарастырылатыны айтылды. Сәйкестік сертификаты құнының 50%-ын және органикалық тыңайтқыштарды субсидиялау тетіктері қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз