Мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сотталған Кәрім Мәсімов Президенттен кешірім сұрады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
масимов
Мәсімов наурыз айында ҚР Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдаған/ Фото: shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов Президенттен кешірім сұрап хат жазды.

Informburo.kz порталының хабарлауынша Кәрім Мәсімов рақымшылық жасау туралы өтініш берген. Қазіргі уақытта ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шешімімен Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.

«Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады», – деп растады ҰҚК.

Онда Кәрім Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)») және 366-бабы, 4-бөлігі («аса ірі мөлшерде пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Өткен жылдың сәуір айында Астана соты Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды. Оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Осипов та бас бостандығынан айырылды.

2022 жылдың қаңтар айының басында ҰҚК комитеттің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталған еді. Оған қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деп танылды. Кәрім Мәсімов Қазақстандағы Қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы деп танылды. Ол кезде құрбан болғандар 238 қазақстандық болатын.

«Қаңтар оқиғасынан» кейін қамауға алынған лауазымды тұлғалар

Осыған дейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіштің 8 жылға шартты мерзімге сотталғанын растаған еді.

Астана сотының мәліметіне сүйенсек, Самат Әбіш «кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген». Сот оны 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол кінәлі деп танылған бап негізінде пробациялық бақылау белгіленген.

Сондай-ақ оқыңыз