Бишімбаев пен Байжанов апелляциялық шағым түсірді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Бишимбаев апелляция
Апелляциялық соттың істі қай күні қарайтыны белгісіз / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановтың шағымы апелляциялық сотқа келіп түсті. 

Сот кабинетінде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Байжанов пен Бишімбаевтың шағымы апелляциялық сотқа 11 маусымда келіп түскен.

«Судьяның а.ж. 11 маусымдағы қаулысымен аталған істі қарау 2024 жылғы 26 маусым сағат 10.00-ге тағайындалды», – делінген Астана соттарының хабарламасында

Сот үкімі 

Еске сала кетсек, кеше 13 мамырда өзінің азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталып, сот ісі ашық жүргізілген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты. 

Сот Үкіміне сәйкес, экс-министр Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қинау) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Осылайша, сот Үкімімен Бишімбаев түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бишімбаев жасаған қылмыс қауіпті қылмыстың қайталануы деп танылды.

Үкімге сәйкес, ол қауіпсіздігі қатаң деңгейдегі қылмыстық-түзету мекемеде жазасын өтеуі тиіс. Бишімбаевтың 2023 жылы 9 қарашадан бері тергеу изоляторында қамауда отырған әр күні 1 күн болып есептеледі. Яғни оның жалпы жазасын өтеу мерзімі 23 жыл 6 айға созылады.

Бишімбаевтың туысы, Байжанов Бақытжан Әмірханұлы аса қауіпті қылмысты жасырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 432-бабында қарастырылған айыпқа сәйкес, кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығын айыру туралы сот үкімі шықты. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейтін болады. Оның қамауға алынған 11 қарашадан бастап тергеу изоляторында өткізген әр күні 1,5 күн болып есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыз