Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан «Қамбар ата ГЭС-1» құрылысына дайындық бойынша ведомствоаралық келісімге қол қойды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қамбар ата ГЭС-1
«Қамбар ата ГЭС-1» жобасына: қырғыз тарапы– 34%, Қазақстан тарапы – 33% және өзбек тарапы – 33% иелік етеді / gov.kg, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан «Қамбар ата ГЭС-1 «жобасын бірлесіп жүзеге асырады. Бұл уағдаластыққа Венада (Аустрия) Қырғызстанның Дүниежүзілік банкпен және Аустрия үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған Халықаралық энергетикалық инвестициялық форумы аясында қол қойылды.

Форумның негізгі тақырыптарының бірі де осы «Қамбар ата ГЭС-1» құрылыс жобасы еді. Жобаны жүзеге асыруға арналған арнайы сессия өтті. Оның аясында Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Қырғыз Республикасының энергетика министрі Талайбек Ибраев және Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов «Қамбар ата ГЭС-1» құрылысы және пайдалану жобасын дайындау бойынша ведомствоаралық келісімге қол қойды.

Бұл тұста алдын ала ережелер белгіленді. Атап айтқанда, Қырғыз Республикасының аумағында келесі жобаға қатысу үлесімен және Қоғамның жарғылық капиталына қатысумен жоба аясында жеке акционерлік қоғам құрылады. Сонымен қатар қырғыз тарапы– 34%, Қазақстан тарапы – 33% және өзбек тарапы – 33% иелік етеді. Мемлекеттер тарапынан анықталған көлемде өндірілетін электр энергиясын кепілді сатып алу және т.б. қарастырылған.

Сонымен қатар Халықаралық форумға қатысу аясында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірқатар кездесулер өткізді. Оның бәрі Қазақстанда электр энергетикасы жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды тартуға бағытталған. Атап айтқанда, Аустрия өнеркәсіпшілер қауымдастығының президенті, Siemens Austria компаниясының өкілдерімен, сонымен қатар Gas Connect Austria және басқалармен кездесті. Министр Қазақстанның энергетика саласындағы жаңа стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруға ашық және өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

«Қамбар Ата ГЭС-1 құрылысы» жобасы бойынша Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан энергетика министрліктерінің үшжақты кездесуі өткен туралы «Курсив» жазған болатын.

Ауқымды өңірлік жобаны жүзеге асыруды жеделдету мақсатында халықаралық қаржы институттарынан қаржыландыруды тарту мәселесі пысықталып, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жаңарту бойынша Дүниежүзілік банкпен тиісті рәсімдер жүргізілген. Нәтижесінде Банк бұл жобаға 5 миллион доллар бөлген. Оның 2 миллион доллары грант болса, 3 миллион доллары 2073 жылға дейін пайызсыз несие ретінде берілген.

Сондай-ақ оқыңыз