Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында артық өндірген мұнай көлемін қысқартады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
артық өндірген
Қазақстан артық өндірген мұнай көлемін қысқартады / Фото: shutterstock.com

Қазақстан мамыр айында мұнайды ОПЕК + келісімідегі көлемнен артық өндірген. Енді маусым айында осы артық өндірісті өтеп, қосымша ерікті қысқартуды қоса алғанда, міндеттемелерін толық оындайды.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан жақын күндері ОПЕК хатшылығына өзінің жаңартылған өтемақы кестесін ұсынады.

«Қазақстан осы артық өндірісті өтейді және қосымша ерікті қысқартуларды қоса алғанда, маусым айында міндеттемелерді толық орындайды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы 2024 жылдың басынан бастап 2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін созылатын өтемақы кезеңі ішінде артық өндірілген көлемді өтейді», – делінген хабарламада.

S&P агенттігі мамырда Қазақстандағы мұнай өндірісі ОПЕК+ квотасынан асып түсті деп мәлімдеген. S&P Global Commodity Insights шолуына сәйкес, Қазақстанда 2024 жылдың мамыр айында мұнай өндіру тәулігіне 1,49 млн баррельді құраған. Осылайша, Қазақстан мамырда ОПЕК+ квотасын тәулігіне 22 мың баррельге асырып жіберген.

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін тәулігіне 82 мың баррельге қысқартуы тиіс. Бұған дейінгі келісім бойынша, тәулігіне 78 мың баррельді қысқартуға келіскен. Егер осы көлемді қысқартса, Қазақстан 2024 жылдың маусым айының соңына дейін тәулігіне 1,468 млн баррель мұнай өндіруі тиіс.

ОПЕК болжамы бойынша 2024 және 2025 жылдардағы мұнайға деген сұраныстың өсімі сақталады. Бұл жөнінде Интерфакс ақпарат жариялады. Сұраныс тәулігіне 2,25 миллион баррельден 104,46 миллион баррельге дейін, ал 2025 жылы тағы 1,85 миллион баррельден 106,31 млн баррельге дейін өседі деп күтілуде.

Сонымен бірге 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы тұтыну бағасы тәулігіне 200 мың баррельден – 103,53 млн баррельге дейін, екінші тоқсанда тәулігіне 90 мың баррельден – 103,82 млн баррельге дейін төмендеді. Үшінші тоқсанда тәулігіне сұраныс 20 мың баррельден  104,9 млн баррельге, ал төртінші тоқсанда бір ай бұрын күтілген 105,57 млн ​​баррельден 120 мың баррельге артады.

Сондай-ақ оқыңыз