Банктер арасында телефон нөмірі бойынша ақша аудару мүмкіндігі қашан пайда болады
Ұлттық төлем корпорациясы басшысының орынбасары Әсел Марченко Қазақстанда банктер арасында телефон нөмірі бойынша аударым жасау қашан белгілі болатынын «Курсивке» айтып берді. Жүйені іске қосу бірнеше жылдан бері жоспарланған, алайда кейбір банктер оған қосылғысы келмеген.
«Банкаралық аударымдар бойынша өз жүйеміз әзірленіп жатыр. Ол телефон нөмірі бойынша P2P-аударымдарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көптен бері енгізуге тырысып келеміз. Алайда әртүрлі жағдайға байланысты әлі іске қоса алмай келеміз. Дегенмен бұл жүйенің ешқандай картаны қажет етпейтінін және әрбір азамат кез келген банкке ақша аудара алатындай мобильді қосымшаларға байланатынын айта кету керек»,- деді Марченко.
Бұл жүйенің қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған жедел төлем жүйесінен айырмашылығы бар. Марченконың айтуынша, оператор жеке серіктес болғандықтан, ірі банктер (Kaspi Bank және Halyk Bank) оған қосылғысы келмеген. Олар Ұлттық Банк оператор болуын сұраған.
«Бұл өзгерісті екі банк үшін жасап отырмыз. Олар жалпы айналымның 90%-ын құрайды. Жүйені әзірлеу іс жүзінде аяқталды. Қазір жүйені сынау үшін банктерді қосып жатырмыз. Біріншіден, қыркүйекке дейін пилоттық жоба жасаймыз. Қараша айында іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік болады», – деді Әсел Марченко.
2022 жылдың күзінен бастап қазақстандықтарға Visa жүйесінің 11 қатысушысы арасындағы телефон нөмірі бойынша аударымдар қолжетімді болды. Жобаға ЦентрКредит Банк, ForteBank, Freedom Bank, Simply, «Қазпошта», Еуразиялық банк, Bank RBK, Halyk Bank, Jusan Bank, Нұрбанк және Altyn Bank енген.
Жедел төлем жүйесін бірнеше жыл бойы қосуға тырысып келеді. 2018 жылы ол сынақ режимінде іске қосылды және әлі күнге дейін толық жұмыс істемейді. Сервис тәуліктің кез келген уақытында ұялы телефон нөмірі бойынша әртүрлі банктердің клиенттері арасында ақша аударуға мүмкіндік береді. Алайда жүйеге Kaspi және Halyk қосылмаған.
2019 жылдың ақпан айында Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Данияр Ақышев ұялы телефон нөмірі бойынша аударма жасайтын Suńqar жүйесін ресми түрде таныстырды. ЦентрКредит Банкінің, Еуразиялық банктің, Altyn Bank және Bank RBK қатысуымен пилоттық жоба іске қосылды. Кейінірек реттеуші нарық қатысушыларының қызығушылығының болмауына байланысты жобаны жауып тастады.
2020 жылдың қазан айында Ұлттық банк жедел төлемдер жүйесін іске қосу жөніндегі жобаны қайта бастады. Оның талаптарының бірі нарық қатысушыларына консорциум жеке серіктес болуға тиіс. Жоба тек жеке серіктестің қаражатына жүзеге асырылады. Ұлттық банк пен консорциум арасындағы шарт 10 жылға жасалды.
2020 жылдың қараша айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке 2025 жылға дейін ұлттық төлем жүйесін әзірлеуді тапсырды. Ол екі негізгі компоненттің айналасында: жедел төлемдер жүйесі және Банкаралық төлем карталары жүйесі бойынша бекітілуі тиіс болған.
Ұлттық төлем жүйесі Қазақстанда үш кезеңмен іске қосылуы қажет. Бірінші кезеңде – 2021 жылы – әзірлеу және төлем карточкаларының банкаралық жүйесін құру жоспарланды. Екіншісінде, 2022-2023 жылдары – «төлем карточкаларының банкаралық жүйесін толыққанды іске қосу». Үшінші кезеңде – 2024 жылдан 2025 жылға дейін ұлттық төлем инфрақұрылымы мен жаңа сервистерді дамыту жоспарланды.
2022 жылдың жазында Ұлттық Банк «өнеркәсіптік пайдалануға жаңартылған төлем платформасын іске қосты» деп мәлімдеді. Бірінші кезеңде онда кез келген банктер арасындағы телефон нөмірі бойынша ақша аудару, ал екінші кезеңде жоба шеңберінде бірыңғай QR-кодты енгізу жоспарлануда. Сол кезде жүйеге тоғыз банк кірген Қазір отандық жедел төлем жүйесіне 10-нан астам банк қатысуда. Өткен жылы транзакциялардың жалпы көлемі 155 млрд теңгеге жетті.
Сәуір айында Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов бірыңғай QR-код жобасы 2024 жылдың соңына дейін емес, 2025 жылдың бірінші жартысында іске қосылатынын хабарлады.
Сүлейменов бірыңғай QR-код жобасы кейбір несие ұйымдарының кірістерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін мойындады. Ақпан айында Ұлттық банк басшысы бұл бастама банктерде қазақстандықтардың дербес деректерін кім сақтайтыны, оларды кім өңдейтіні және дәл қалай өңдейтіні туралы сұрақтар туғызғанын айтты. Кейбір банктер технологияны дамытуға өз қаражаттарын көп жұмсайтынын және өз инновацияларын біреуге беру қиынға соғатынын айтқан. Сол кезде Сүлейменов жүйеге қосылғысы келмейтін банктер үшін реттеу шараларын жоққа шығарған
Бұдан бөлек, Қазақстанда ақша аударымдарының банкаралық жүйесі (ШОБ) жұмыс істейді. Ұлттық банкте ол банктер арасындағы операцияларды, оның ішінде олардың клиенттері — компаниялар мен халықтың мүддесі мен тапсырмасы бойынша жасалатын операцияларды өңдейтінін түсіндірді. Оған Ұлттық Банк, қазынашылық, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан қор биржасы (KASE), бағалы қағаздардың орталық депозитарийі (KCSD), сондай-ақ банктік емес қаржы ұйымдары қатысады.
Жүйе тек теңгемен операцияларды өңдейді, жөнелтуші банктердің шоттарынан қаражатты есептен шығарады және оларды алушы банктердің шоттарына есептейді. Транзакциялар жасау үшін Swift тәрізді хабар алмасу форматтары қолданылады. ШОБ секундына 5-7 операцияны өңдейді.