Алматы әкімдігі тарихи субұрқақ орнына бассейн жасаған «Қазақстан» қонақүйінің иесін сотқа берді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
фонтан
Алматы әкімдігі «Қазақстан» қонақүйінің иесін сотқа берді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Алматы қаласының әкімдігі тарихи субұрқақты өз бетінше жаңартып, оның орнына бассейн жасаған «Қазақстан» қонақүйінің иесімен соттасады.

«Қазақстан» қонақүйінің субұрқағын жөндеу жұмыстары тоқтатылды: меншік иесі жауапкершілікке тартылады», – делінген әкімдік хабарламасында.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, «Қазақстан» қонақүйінің жанындағы субұрқақты қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсатсыз жүргізілген.

«Нысанда жұмыс тоқтатылды, «Crown Star» ЖШС меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылданды. Бүгінде басқарма ұйғарымды мәжбүрлі орындау үшін сотқа талап арыз береді», – делінген ведомство хабарламасында. 

Әкімдік хабарлауынша, қонақүйдің жанында көрсетілген субұрқақ ескерткіш емес, алайда күзет аймағында орналасқан.

«Қазақстан» қонақүйінің ғимараты Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы қаулысына сәйкес, Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. Осыған байланысты, нысан аумағында қандай да бір құрылыс немесе жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін меншік иесіне тиісті ғылыми-жобалау құжаттамасын дайындау және ғылыми-реставрациялау жұмыстар жүргізу қажеттілігін негіздеу қажет. Алайда ғимараттың бұл талапты орындамады», – делінген хабарламада.

Сәуірде әкімдік өкілдері қонақүй иесінен күзет аймағында құрылыс жұмыстарын тоқтатуды және бұзушылықтарды жоюды талап еткен. Бұған қоса, 2024 жылы 24 мамырда Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасына қонақүй иесін жауапкершілікке тарту туралы сұрау жіберген. 

Сондай-ақ оқыңыз