Ozon Қазақстанның 4 ірі қаласында сұрыптау орталықтарын ашады. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Сұрыптау орталықтары Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкенттен ашылмақ. Орталықтардың жалпы ауданы 2000 шаршы метрден асады.
«Өңірлерде логистикалық инфрақұрылымды кеңейту сатушыларға тауарларды тезірек жөнелтуге мүмкіндік береді, сонымен қатар сатып алушыларға тапсырыстарды жеткізуді тездетеді», – делінген баспасөз хабарламасында. .
Жаңа сұрыптау орталықтары сонымен бірге тауарлар мен тапсырыс қабылдауды, оларды жеткізуді, сондай-ақ тауарды қайтарумен айналысады. Әр нысан күніне 10 мыңнан астам, айына 300 мыңнан астам тапсырысты өңдей алады.
Бұған дейін компанияның Алматы мен Астанада логистикалық инфрақұрылымы болған. Жаңа сұрыптау орталықтары толық іске қосылса, елдің төрт облысынан келген сатушылар тауарларын өздеріне жақын қалаға жөнелту мүмкіндігіне ие болады. Оған қоса жаңа қойма кешендері Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Түркістан облыстарындағы тұтынушыларға тауарларды жеткізу мерзімін айтарлықтай қысқартады деп күтілуде.
«Біз тауарлардан сатып алушыларға дейінгі қашықтықты қысқарту және жергілікті сатушыларға олардың айналымын арттыруға көмектесу үшін республикадағы логистикалық инфрақұрылымды кеңейтуді жалғастырамыз. Жаңа сұрыптау орталықтарының іске қосылуы бүкіл Қазақстан бойынша нарық қызметіне қатысты өсіп келе жатқан сұранысқа жауап беруге мүмкіндік бермек. Тауарларды тұтынушыларға жақынырақ орналастыру арқылы біз маркетплэйсте сауда жасауды жеңіл әрі тиімді етеміз. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер өз тауарларын бес елде тұратын 49 млн тұтынушыға сатуы үшін жағдай жасаймыз», – деді «Ozon Қазақстан» бас директоры Мөлдір Рысалиева.
Ozon Kazakhstan – штаб-пәтері Алматыда орналасқан көп санатты маркетплэйс саналады. 2021 жылдан бері компания Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салып келеді. Бұл сауда алаңы республикадағы онлайн-сауда саласындағы бес әлеуметтік маңызды компаниялардың бірі. Ozon.kz сайтында 370 миллионнан астам өнім сатылады.