Мәскеу биржасы мен оның құрамындағы Ұлттық клиринг орталығы АҚШ-тың санкциясымен бұғатталды

Жарияланды (жаңартылды )
Мәскеу биржасы мен оның құрамындағы Ұлттық клиринг орталығы қара тізімге енді/ Фото: kursiv.media

Мәскеу биржасы мен оның құрамына кіретін Ұлттық клиринг орталығы АҚШ-тың санкциясына ілікті. Бірнеше шетелдік басылым осы жайында жазды.

13 маусымнан бастап Мәскеу биржасындағы АҚШ доллары және еуромен саудаласу, осы валюталармен жүргізілетін стандартталған туынды қаржы құралдарының саудасы тоқтайды.

«Валюта және бағалы металдар нарығындағы сауда АҚШ доллары  және еуро секілді валюталық жұптарды қоспағанда, барлық құрал бойынша жүзеге асырылады», – делінген Мәскеу биржасы хабарламасында.

Мәскеу биржасы топта қазіргі құбылмалы жағдайда үзіліссіз сауда жасауға арналған құралдар бар екенін мәлім етті.

«Мәскеу биржасының негізгі міндеті – қаржы нарығы инфрақұрылымының жұмысын және оған қатысушылардың транзакцияларының сенімділігін қамтамасыз ету. Жаңа міндеттер алдында Мәскеу биржасы клиенттерге сауда алаңының барлық сегменттіне қолжетімділікті қамтамасыз етуді жалғастырады», – деп мәлімдеді Мәскеу биржасы.

Америкалық OFAC реттеушісінің жаңартылған санкциялар тізіміне 300-ге жуық ресейлік және шетелдік компаниялар кірді.

Мәскеу биржасы Қазақстан биржасының негізгі акционері (13,1%) болып есептелінеді.

Мамыр айында Мәскеу биржасы алдағы уақытта азиялық нарықтарға шығуы мүмкін екені айтылды. «Курсив» оның Үндістан, Вьетнам және Филиппин қор нарықтарын көздеп отырғанын жазды.

Сондай-ақ оқыңыз