Жаңалықтар

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп жатыр / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы облысы, Қонаеы қаласы маңында қоқыс полигоны өртенді. Бұл туралы ТЖМ хабарлайды. Бұл полигонға тұрмыстық қалдықтар төгілетін.

Өрт сөндірушілер бір тәуліктен астам жалпы аумағы 1000 шаршы метрді қамтыған өртті сөндірген. Оқиға орнында жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр.

Жақында Жамбыл облысының Меркі ауданыда үлкен өрт шықты. «Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» Сарықоба орманшылығының аумағындағы өрт көлемі 1800 гектерді құрады.

9 маусым, жексенбіде Астанадағы LRT-да өрт шыққан.