Қырғызстанда 13 қытайлық турист киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталды
Қырғызстанның Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қаракөл аймағында киберқылмыс жасады деген күдікпен 13 қытайлық туристі ұстады.
Қырғыз БАҚ өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, ұсталған азаматтардан бірнеше компьютер, 50 астам телефон, Қытай банктерінің карталары және жергілікті ұялы байланыс операторларының SIM карталары тәркіленген.
Тергеу мәліметтері бойынша, қытайлықтар Қырғызстанға туристер ретінде кіріп, іс жүзінде заңсыз еңбек қызметімен айналысқан.
«Олар арнайы әзірленген бағдарламалар арқылы халықаралық қаржылық операцияларды жүргізген. Алаяқтар ҚХР, Гонконг және Малайзияда тұратын Қытай азаматтарын алдаумен айналысқан. Олар активтерді иемдену үшін жұмыс істеген. Ұсталғандардан бірнеше компьютер, 50-ден астам телефон, Қытай банктерінің карталары және жергілікті ұялы байланыс операторларының SIM карталары тәркіленді», – деді Қырғызстан Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті.
Оқиға туралы ҚХР елшілігіне хабар беріліп, тиісті іс-шараларды өткізу үшін қытай тарапына ресми түрде тапсырылған.
21 ақпанда қытайлық хакерлер тобы екі жылдан астам уақыт бойы қазақстандық байланыс операторларының инфрақұрылымын бақылап отырғаны белгілі болған. GitHub ресурсында белгісіз адамдар Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің мердігері қытайлық Іsoon компаниясының құпия деректерін жариялаған. Құпия деректерге сай, бір қытайлық хакерлік топ 2 жылға жуық уақыт бойы қазақстандық байланыс операторларының маңызды инфрақұрылымына толық қол жеткізген.