Ұлыбритания Мәскеу биржасын, Ұлттық клирингтік орталықты (ҰҚК) және Ұлттық есеп айырысу депозитарийін (NSD) санкциялар тізіміне қосты. Бұл туралы санкцияларды қолдануға жауапты британдық реттеуші Office of Financial Sancions Implementation (OFSI) хабарлады.
Мәскеу биржасының басқарма төрағасы Юрий Денисов та санкцияға ұшырады.
Ұлыбритания санкциялар тізіміне Санкт-Петербург биржасын да қосты.
Еске сала кетсек, 12 маусымда АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Мәскеу биржасын (MOEX брендімен жұмыс істейтін) SDN тізіміне енгізді. Бұл оның америкалық банктер мен депозитарийлердегі шоттарын бұғаттауды, сондай-ақ АҚШ азаматтары мен тұрғындары үшін ынтымақтастыққа тыйым салуды білдіреді.
Осыдан кейін көп ұзамай Мәскеу биржасы 13 маусымнан бастап доллар мен еуромен сауда жүргізбейтінін хабарлады.
Ресей Банкі хабарлауынша, еуро саудасының тоқтатылуы ЕО елдерінің де АҚШ санкцияларын сақтауымен байланысты. Бұл валюталармен операциялар биржадан тыс нарықта жалғасады және доллар мен еуроның рубльге ресми бағамдарын анықтау үшін банктік есептер мен биржадан тыс сауданың цифрлық платформаларынан алынатын ақпарат пайдаланылуы мүмкін. 13 маусым Ресей банкі тәуекелдерді азайту үшін Гонконг долларымен сауданы тоқтату туралы шешімін жариялады.
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Мәскеу биржасына (MOEX) салынған санкция Қазақстанға еш әсер етпейді деген пікірде. Бұл туралы Сенат кулуарында айтқан.