Қарағандының жосықсыз құрылыс компанияларының тізімі жарияланды
Қарағандыда рұқсат құжаттарсыз құрылыс жүргізген жосықсыз компаниялар тізімі жарияланды. Бұл жайлы Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы хабарлады.
Басқарманың хабарлауынша, қалада мұндай жеті компания бар.
Олар:
- «Т-К Building» ЖШС салған «Al-Farabi» тұрғын үй кешені;
- «ТТ INVEST-2022» ЖШС-нің «Хан» тұрғын үй кешені;
- «Satti Lux Stroy» ЖШС-нің «Нура» тұрғын үй кешені;
- «Elite Home Invest» ЖШС-нің «Life Garden» тұрғын үй кешені;
- «ККК Бетон» ЖШС-нің «Бақытты Отбасы» тұрғын үй кешені;
- «Григорян» жеке кәсіпкерлігінің Ремесленный, 2 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйі;
- «Лидер Строй» ЖШС-нің «Арена» тұрғын үй кешені.
Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қарағандылықтарға салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмас бұрын құжаттарды мұқият тексеру керек екенін ескертеді.
Еске сала кетейік, 6 маусымда Алматы әкімдігі сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады. Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда бұл тізімде 45 тұрғын үй кешені бар. Тізімге жаңа құрылыстар енген. Бұл кешендердің рұқсат құжаты толық болмаған және жобадан ауытқыған.