Ойжұмбақ 2: Pixar сикуелі осы жаздағы ең үздік Холлиуд туындысы болуы мүмкін

Жарияланды 13 Маусым 2024 18:41

(жаңартылды 26 Маусым 2024 10:39)
Светлана Ғалымжанқызы

Светлана Ғалымжанқызы

«Ойжұмбақ 2» трейлерінен кадр, бильд-редактор: Артур Алескеров

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде «Ойжұмбақ 2» сикуелі туралы хабар жиілеп кетті. Қазақ тіліне дубляждалған Pixar туындысы еліміздегі кинотеатрларда ертеңнен, яғни 14 маусымнан бастап көрсетіле бастайды. Адамның қиын-қатпар болмысы туралы мультфильмді көпшілік осы жылдың жасөспірімдерге арналған ең үздік туындысы болады деп болжап қойған. 

Биыл қазақ тіліндегі дубляжды Disney компаниясы қолдағанын айта кеткен жөн. «Ойжұмбақ» кейіпкерлерін әнші Жұлдыз Төлепберген мен Ninety One тобының солистері Батырхан Мәлік пен Азамат Ашмақын қазақша «сөйлетті». 

Екі жыл бұрын Pixar студиясы 13 жасар қыздың бой жетуі туралы «Бой жету» (Turning Red) мультфильмін түсірген болатын. Енді студия көрермен назарына сол кинокартинаның жалғасы ретінде «Ойжұмбақ 2» мультфильмін ұсынып отыр. Сол кезде «Бой жету» фильмі Pixar-дың ең үздік туындыларының біріне айналып, алайда оны Disney+ арнасынан көрсеткен. Көрермендердің болжамынша, «Ойжұмбақ 2» де биылғы жазды қызық өткізуге үлес қоспақ. 

«Ойжұмбақтың» бірінші бөлімі 2015 жылы түсірілген. Сикуел Райли Андерсон деген қыздың миындағы құбылыстар туралы. Яғни картинада 5 антропоморфозды эмоцияның жасөспірім қызды басқаруы көрсетіледі. Бұл «эмоциялар кеңесін» Қуаныш басқарады. Одан басқа Мұң, Ашу, Қорқыныш пен Жиіркеніш бар. Барлығына Райлидің гормоналды жай-күйін басқару қиынға соғады. Ал бас кейіпкер хоккей жаттығу лагеріне кеткенде іс насырға шабады.

Фильм тыңшылар фильміне пародияға да келіңкірейді, өйткені эмоциялар Райлидің достарының жүзіне қарап, не ойлап тұрғанын табуға тырысады. Одан кейін кейіпкердің отбасы Миннесотадан Сан-Францискоға көшіп, жағдай тағы да қиындай түседі. Эмоциялар жаңа достар табу мен бұрынғы хоккей лагеріне бара беру сынды таластың ортасында қалады. Ал мультфильмнің екінші бөлімінде эмоциялар қатары тағы да төрт жаңа «мүшемен» толығады. Жан-жағын жайпап өтетін Үрей, үнемі қабағы ашылмайтын, көбіне французша сөйлейтін Көңілсіздік, айналаға тіке қараудан қысылып, бетін басып жүретін Ұят пен кіп-кішкентай болса да тың Қызғаныш қосылады. 

Мультфильм жасаушылар әр эмоцияға өзіндік түс беруге тырысқан. Мысалы, жиіркеніш кейіпкері жасыл болса, қызғаныш кейіпкерін ашық көк еткен. Қызғаныш сезімін де қосып, жасөспірімдер үшін де бұл эмоцияның қаншалықты маңызды екенін ашуға тырысқан. 

Киносүйер қауым сценарийстер Мег Ле Фов бен Дейв Холстейннің негатив эмоцияларды көбейтіп, жақсы эмоциялар саны аз қылғанын сынады. Райли бойында неліктен Разылық, Намыс пен Махаббат жоқ дегендер де табылды. Кейбірі жасөспірімдерге тән басқа да эмоцияларды қосу керек екенін айтты. 

Фильмді динамикаға толы ойын тәріздес комедия деуге келеді. Екінші бөлімде бірінші бөлімге қарағанда әзіл көбірек. Екінші «Ойжұмбақта» эмоциялар таласып, басым болуға тырысады. Бұл бөлім конфликтімен ерекшеленеді. Кей сыншылар Pixar бұл мультфильмге барлығын қосқысы келіп, студияның өзіне тән қарапайымдылықтан ажырап қалған деп отыр. Осы ретте олар «Ойыншықтар оқиғасы», «Немоны іздеу», «Монстрлар корпорациясы» сынды қарапайым әрі қызық туындыларды мысал ретінде көрсетеді.

Сценарийстер алғашқы фильмдегі жаттанды концепциядан бас тартқанын айтады. Жаңадан қосылған эмоциялар өзіне дейінгі эмоцияларды естеліктер бөлігіне «айдап жібергенде» Райли барлығын еске түсіріп, өзінің кім екенін саралап, қайта өзіне оралады. Дегенмен жаңа эмоцияларды да жауыз ретінде көрсетпеген. Мультфильм режиссері Келси Манн «Ойжұмбақ 2-де» өмірдің ащы шындығы, адам жанының қиын-қатпар болмысы, әсіресе жасөспірім кездің маңызы мен қиындығы суреттелетінін айтады. Екінші бөлімде Райли өзіне «мен кіммін?» деген сұрақ қояды. Сондықтан көрермендер үшінші бөлімде Қанағат та қосылса деген тілегін жасырмады. 

Сондай-ақ оқыңыз