Аягөз гарнизонына қарасты бөлімде қызмет ететін әскери адам көз жұмды

Жарияланды (жаңартылды )
учения
Оқу-жаттығу кезінде әскери  қызметші көз жұмды / фото: Қорғаныс министрлігі

13 маусым күні оқу-жаттығу кезінде әскери  қызметші көз жұмды. Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріндегі мерзімді қызметтегі әскери қызметші жарақат алған. ҚР Қорғаныс министрі қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты тексеріс жүргізілетінін хабарлады.

«Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады. Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетілетін болады», – делінген хабарламада.

Наурыз айында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы әскерде сарбаздардың өлімі жиі тіркелмейтінін, ондай оқиғалар бірлі-жарымды жағдайларда болатынын мәлімдеген.

«Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы әрі міндеті. Бұл борышын әрбір ер азамат өтеуі керек. Олар әскери дағдыларды үйренуі керек. Сіз өлім жайлы айтып жатырсыз. Ондай жағдайлар сіз айтып отырғандай жиі болады деп айта алмаймыз. Иә, мұндай оқиғалар бірлі-жарымды жағдайларда болатыны, рас. Бірақ бұл оқиғаларды бұқаралық ақпарат құралдары таратып жіберетініне байланысты, көп тіркеліп жатқандай көрінеді. Ал, шын мәнінде, олай емес. Бірінші кезекте азамат әскер қатарына толыққанды санасы қалыптасып келеді. Олардың әскери қызметке жарамды-жарамсыздығы толық тексеріледі. Сарбаздардың денсаулығына бірінші кезекте командирлері жауап береді. Десе де, айта кету керек, әскери қызмет қашан да қаупімен ерекшеленеді. Өйткені онда жауынгерлік дайындық, оқу-жаттығулар, әскери техниканы қолдана отырып жүргізіледі», деді Руслан Тұрғымбайұлы.

Сондай-ақ оқыңыз