Президент әкімшілігі Кәрім Мәсімовтің рақымшылық жасау туралы өтінішін қарастырып жатыр – БАҚ

Жарияланды (жаңартылды )
Масимов
Президент әкімшілігі Мәсімовтің өтінішін қарастырып жатыр/kursiv.media

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа рақымшылық жасау туралы хат жазған.

Информбюро порталының ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта Президент әкімшілігі бұл хатты қарастырып жатыр. Оның қорытындысы туралы жауапты ведомство Кәрім Мәсімовтің өзіне жолдайды.

«Кәрім Мәсімовтің кешірім жасау туралы өтініші Президент әкімшілігіне келіп түскенін және өтініштің қаралып жатқанын хабарлаймыз», – деп жауап берді Президент әкімшілігі.

Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шешімімен Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр. Оған «мемлекетке опасыздық» жасады деген айып тағылған. Сондай-ақ Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша тергелуде.

«Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады», – деп растады ҰҚК.

Сондай-ақ оқыңыз