13 маусым сағат 22:25 шамасында Алматы мен Талғарда тиісінше 1,6 және 1,4 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан. Біздегі мәліметтерге сәйкес (шкала бойынша): Алматы — 1,6 балл, Талғар — 1,4 балл. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар тіркелмеді», – делінген хабарламада.
ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадамды еске түсірді:
- Сабыр сақтаңыз!
- Жер сілкінісі кезінде лифт пен баспалдаққа шықпаңыз;
- Жиһаздан, терезеден, люстрадан алыс тұрыңыз;
- Жоғарғы қабаттарда болсаңыз, сенімді берік бұрыш табыңыз;
- Бөлмеден шығыңыз (көп қабатты үйлерде сілкініс тоқтағаннан кейін);
- Суды, газды өшіріңіз электр қуаты;
- Қажетті заттар салынған сөмкеңізді алыңыз (алдын ала дайындау керек);
- Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ жүріңіз;
- Дүмпудің қайталануына дайын болыңыз;
- Қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетіңіз.
Алматыда Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі 1 маусымға дейін пилоттық режимде іске қосылуы керек болған. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаевтың Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өткізген кеңесінде белгілі болды.
Mass Alert жүйесінде Cell Broadcast технологиясы қолданылады. Бұл технология бүкіл абонометке бірден хабарлама жіберуге мүмкіндік тудырады.