Еңбек министрлігі харассмент үшін жаза енгізуге қатысты заң жобасын әзірлеп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Харассмент үшін жаза енгізуге қатысты заң жобасы дайындалады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Қазақстанда «харассмент» және жыныстық тиісу үшін жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызмет брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров мәлімдеді

«Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі харассмент үшін жауапкершілікті енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Түзетулер енгізу мемлекеттік органдарда талқылануда. Жақын арада бұл мәселе қаралады деп ойлаймын. Бұл заңды Еңбек министрлігі әзірлеп жатыр», – деді Зулхаиров.

Бұған дейін Үкімет депутаттардың харассмент пен сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жөніндегі түзетулерін қолдамаған еді. Бұл нормалар 15 маусымнан бастап күшіне енетін тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға енбей қалған.

KURSIV Media KZ берген сұхбатында Сенат депутаты Жанна Асанова «харассмент» түсінігі болашақта заңға енгізілетіні туралы айтқан.

«Қазіргі таңда Парламентте харассмент туралы заң жобасы қаралып жатыр. Бұл проблеманы талай көтердік. Харассментпен қатар, сталкинг деген ұғым пайда болды», – деген еді сенатор.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Оған сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларға қатысты жасалған қылмыс үшін жаза қатайды. 

Сондай-ақ оқыңыз