АҚШ санкциялары: Ресей Орталық банкі юаньді елдегі негізгі шетел валютасы деп атады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ресей Орталық банкі юаньді негізгі шетел валютасы деп атады / shutterstock

Мәскеу биржасына АҚШ санкцияларынан кейін, Ресейдің Орталық банкі Қытай юанін елдегі негізгі шетел валютасы деп атады.

РБК ақпаратына сүйенсек, Мәскеу биржасында доллар мен Еуро сауда-саттығы тоқтатылғаннан кейін, валюта нарығы үшін жаңа анықтау көрсеткіші ретінде қытай валютасы алынатын болады.

Соңғы екі жылда Ресей нарығындағы АҚШ доллары мен еуроның рөлі біртіндеп төмендей бастады, нарық шығыс Азия елдеріне, дәлірек айтқанда Қытай нарығына бейімделді. Қазір елдегі сыртқы сауданың 80%-ы рубль, юань және Ресеймен «дос елдер» валютасында жасалады.

«Мамыр айында Мәскеу биржасының сауда-саттығында юань үлесі 54%-ды құрады. Осылайша қазірдің өзінде биржалық сауда-саттықтағы негізгі валюта юань болды. Юань/рубль биржалық бағамы басқа валюта бағамдары үшін траекторияны белгілейді, нарық қатысушылары үшін бағдар болады», — делінген Ресей Орталық банкінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, 12 маусымда АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Мәскеу биржасын (MOEX брендімен жұмыс істейтін) SDN тізіміне енгізді. Бұл оның америкалық банктер мен депозитарийлердегі шоттарын бұғаттауды, сондай-ақ АҚШ азаматтары мен тұрғындары үшін ынтымақтастыққа тыйым салуды білдіреді.

Осыдан кейін көп ұзамай Мәскеу биржасы 13 маусымнан бастап доллар мен еуромен сауда жүргізбейтінін хабарлады. 

Ресей Банкі хабарлауынша, еуро саудасының тоқтатылуы ЕО елдерінің де АҚШ санкцияларын сақтауымен байланысты. Бұл валюталармен операциялар биржадан тыс нарықта жалғасады және доллар мен еуроның рубльге ресми бағамдарын анықтау үшін банктік есептер мен биржадан тыс сауданың цифрлық платформаларынан алынатын ақпарат пайдаланылуы мүмкін. 13 маусым Ресей банкі тәуекелдерді азайту үшін Гонконг долларымен сауданы тоқтату туралы шешімін жариялады.

Сенат кулуарында Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Мәскеу биржасына (MOEX) салынған санкция Қазақстанға еш әсер етпейді деген ойымен бөhttps://kz.kursiv.media/kk/2024-06-13/mtzh-suleimenov-sanctions/лісті. 

Сондай-ақ оқыңыз