Қазақстандық банктердің активтері 15,4%-ға өсті

Жарияланды (жаңартылды )
Банктердің меншікті капиталы 7,492 трлн теңгені құрап, 26,3%-ға артты / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің активтері 2023 жылы 15,4%-ға өсіп, 51,439 трлн теңгеге жетті, деп жазылған ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің есебінде.

«2023 жылы банк активтері несие портфелінің 23,1%-ға және бағалы қағаздар портфелінің 13,2%-ға ұлғаюы есебінен 15,4%-ға өсіп, 51 439,9 млрд теңгеге жетті», – деп жазылған құжатта.

Банктердің өтімділігі жоғары активтері 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15,070 трлн теңгені немесе активтерінің 29,3%-ын құрады. 2023 жылы көрсеткші 12%-ға өсті.

Банк секторының меншікті капиталы 7,492 трлн теңгені құрап, 26,3%-ға артты.

Банктердің міндеттемелері 13,3%-ға өсіп, 44,579 трлн теңгеге жетті. Міндеттемелердің ұлғаюы клиенттердің депозиттік базасының 11,1%-ға 35,090 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде тіркелген.

Былтыр банктердің таза кірісі 2022 жылмен салыстырғанда 48,9%-ға өсіп, 2,183 трлн теңгеге жетті.

«Бұл негізінен пайыздық кірістің артуы есебінен болды», – деп жазылған хабарламада.

2023 жылы экономикаға берілген несиелер 22,4%-ға өсіп, 27,933 трлн теңгеге жетті.

Халыққа берілген несиелер 2023 жылы 26,7%-ға өсіп, 16,686 трлн теңгені құрады, бұл негізінен тұтынушылық және ипотекалық несиелер есебінен тіркелді.

Есепті кезеңде кәсіпкерлікке берілген несиелер 16,7%-ға өсіп, 11,246 трлн теңгені құрады. Оның ішінде ұлттық валютада – 9,097 трлн теңге, шетел валютасында – 2,148 трлн теңге.

Клиенттердің депозиттері міндеттемелер құрылымының 78,7%-ын құрайды және банктерді қаржыландырудың негізгі көзі болып қала береді. Депозиттердің өсуі негізінен жеке тұлғалардың депозиттерінің 20,6%-ға 20,405 трлн теңгеге дейін және заңды тұлғалардың депозиттерінің 0,1%-ға 14,685 трлн теңгеге дейін артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Қазақстанның қаржы секторында 21 банк клиенттерге қызмет етеді.

Еске сала кетсек, былтыр қаржы ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылы 31,3% өсті. Көрсеткіш 6,9 трлн теңгеге жеткен.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің таза сыртқы активтері 536,2 млрд теңгені құраған. Ал ішкі активтерінің көлемі 37,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл деректер Ұлттық банктің банктерге қатысты монетарлық шолуында жазылған

Сондай-ақ оқыңыз