ҚНРДА банктерді корпоративтік несиелеуді арттыруға қалай ынталандырады?

Жарияланды
корпоративтік несиелеуді
Ретеуші банктердің корпоративтік несиелеуді арттыруы үшін ынталандыру шараларын көздеп отыр / Фото: Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) банктерді корпоративтік несиелеуді арттыруға ынталандыру үшін жеңілдіктер енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған ведомство қаулысында жазылған.

Құжатқа сәйкес ҚНРДА топтағы бір қарыз алушы деп санауға болатын тұлғалар шеңберін тарылтуды жоспарлап отыр. Енді бұл анықтама бірнеше жағдайда беріледі:

  • әрбір қарыз алушының тәуекелі банктің меншікті капиталынан 0,1 пайызға асатын болса;
  • қарыз алушылардың бірі ірі қатысушы – қоғамның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін жеке немесе заңды тұлға;
  • аффилирленген тұлға болса;
  • жұбайының жақын туысы (ата-анасы, баласы, асырап алушысы, асырап алынған бала, толық және туған ағасы немесе апасы, атасы, әжесі, немересі), жұбайы, жақын туысы;
  • басқа қарыз алушының бірінші басқарушысы немесе басқа қарыз алушының мәмілені аяқтауға мүдделі тұлғасы;
  • егер қарыз алушылар тобы бір-бірімен кәсіпкерлік (бір қарыз алушының мәміле жасауға мүдделі тұлға) байланыстары арқылы байланысқан болса.

Қаулыда топтық несие анықтамасынан бизнес серіктестерді алып тастау ұсынылып отыр. Осылайша, банктер қарыз алушының әрқайсысына үлкен көлемде несие бере алуға мүмкіндік беретін критерийлерді қысқартуды ұсынып отыр. Сәйкесінше, берілген несие көлемі де артады, өйткені тәуекел мөлшері әр адамға жеке есептеледі.

«Мәмілені аяқтауға мүдделі тұлға арқылы қарыз алушылардың қосылу критерийлерін алып тастау банктер мен реттеуші арасындағы несиелендірумен жұмыс істеу процесінде осы анықтаманы біркелкі түсіндіруге ықпал етеді,. Бұл ретте банктер мен реттеуші органдар арасындағы несиелендіруге жатпайтын қарыз алушылар тобының бөлінуін қамтамасыз етеді», – делінген құжат түсіндірмесінде.

ҚНРДА сонымен қатар қаржылық емес ұйымдардың мерзімді депозиттері бойынша міндеттемелердің анықтамасын өзгерткісі келеді. Қолданыстағы нұсқада олар банк шотындағы ақшаның ең төменгі тұрақты қалдығына тең мөлшерде анықталады. Бұл ретте мерзімді салым шартында салымды ашу, тоқтату туралы алдын ала хабарлау шарты, сондай-ақ банк алдындағы шоттағы ең аз қалдықты сақтау міндеті көзделуі тиіс. Енді ең төменгі қалдық мөлшерін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап анықтау ұсынылып отыр.

Ең аз қалдық мерзімді депозиттер бойынша орташа қалдықтарды ескере отырып (олар тарихи деректер мен баланстағы ақша қозғалысының болмауы туралы статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып есептеледі), сондай-ақ стрестік жағдайларда ақшаны алу тәуекелін ескере отырып анықталады. Барлығы да уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.

Реттеуші өтімділікті жабу коэффициентінің өтпелі кезеңін 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартуды көздеп отыр. Бұрын бұл мән 30 маусымға дейін 0,77 және 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 0,85 деңгейінде белгіленген болатын.

Сонымен қатар ҚНРДА қаржылық емес ұйымдардың мерзімді депозиттері бойынша міндеттемелерді қолда бар тұрақты қаржыландыру көлемін есептеу әдістемесін анықтауды көздеп отыр. Қаулы жобасында таза тұрақты қаржыландыру коэффициентінің ең төменгі мәні 2025 жылдың соңына дейін (қолданыстағы редакцияда 2024 жылғы 30 маусымға дейін) 0,9 деңгейінде, ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап (қазір 2024 жылғы 1 шілдеден бастап) – 1 деңгейінде бөлгіленген. Сонымен қатар 2026 жылдан бастап мұндай депозиттер бойынша қолда бар тұрақты қаржыландыру сомасы банк шотындағы ақшаның ең төмен тұрақты қалдығынан аспауы керек.

ҚНРДА сондай-ақ шағын және орта бизнеске теңгедегі несиелер, сондай-ақ синдикатталған несиелер бойынша несиелік тәуекелдерді белгілеу мерзімдерін ұзартуды жоспарлап отыр. Қолданыстағы нұсқада ШОБ несиелері бойынша тәуекел пайызы 2023 жылдың соңына дейін 50% және ағымдағы жылдың басынан бастап 75% деңгейінде белгіленген. Енді бұл мерзімдерді сәйкесінше 2025 жылдың аяғы мен 2026 жылдың басына ауыстыру жоспарлануда. Синдикатталған несиелер үшін тәуекел пайызын ағымдағы нұсқадағыдай 2023 жылы емес, 2025 жылдың соңынан бастап 50% деңгейінде белгілеу көзделген.

Қаржылық емес ұйымдардың мерзімді депозиттері бөлігінде заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелері бойынша ақша қаражатының шығуының 25% коэффициентін белгілеу 2026 жылғы қаңтарға ауыстырылды. Қазіргі уақытта нақты мерзімдер жоқ. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай депозиттер үшін 50% қолжетімді тұрақты қаржыландыру коэффициенті қолданылады.

Сонымен қатар ҚНРДА төтенше жағдайлардан, атап айтқанда су тасқынынан зардап шеккендерге несие бойынша төлемді кейінге қалдыруды енгізуді көздеп отыр. Түсініктемелерде тәжірибеде қарыз алушылар келісімшарттар бойынша төлем мерзімін ұзартуға байланысты несие мерзімін ұзарту немесе өтеу кестесін өзгерту туралы өтініш берген жағдайлардың кездесетіні, бірақ олар айтарлықтай қаржылық қиындықтарға тап болмайтыны атап өтілген.

Реттеуші берілген несиелер мен шартты міндеттемелердің жалпы сомасы банктің меншікті капиталының 0,2-ден асатын болса ғана банктерге заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдауға мүмкіндік бергісі келеді. Қазір банктің капиталы 100 млрд теңгеден асса 0,1, ал капиталы осы сомаға жетпесе 0,2 болады.

Сондай-ақ оқыңыз