«Ойжұмбақ-2» алғашқы прокат күні рекорд орнатып, 10 миллион теңге касса жинады

Жарияланды (жаңартылды )
«Ойжұмбақ-2» ректордық нәтиже көрсетуде/ фото мультфилм трейлерінен, бильд-редактор: Артур Алескеров

«Ойжұмбақ-2» мультфильмінің қазақша нұсқасы бастапқы қаралым бойынша үздік нәтиже көрсетуде.

Мәдениет министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде «Ойжұмбақ-2-нің» алғашқы күнгі қаралымы «Аватардан» үш есе асып түскенін хабарлады. Алғашқы прокат құны да рекордтық көрсеткішке жетті. Касса 1 күнде 10 миллион теңге жинады.

«Қазақстанда Disney және Pixar компанияларының анимациялық шытырман оқиғалы фильмі «Ойжұмбақ-2»  қазақ және орыс тілдерінде кең ауқымды прокатқа шықты.

Қазақ тіліне дубляждалған «Ойжұмбақ-2» фильмі алғашқы прокат күнінде абсолютті рекорд орнатып, фильмнің жиындары 10 миллион теңгеден асты. Бұл қазақша нұсқадағы «Аватар: Су жолы» эпикалық шытырман оқиғасының алғашқы демалыс күндеріндегі жиындарынан үш есе көп! Сондай-ақ фильм барлық қазақ тіліне дубляждалған фильмдердің арасында алғашқы прокат күніндегі жиындар бойынша рекорд орнатты. Фильмнің қазақша  нұсқасының үлесі жалпы кассалық жиындардың 10%-нан асты», – деп хабарлады «Меломан» компаниясы.

Мультфилм 13 маусымнан бастап көрермендер назарына ұсынылды.

Биыл қазақ тіліндегі дубляжды Disney компаниясы қолдаған. «Ойжұмбақ» кейіпкерлерін әнші Жұлдыз Төлепберген мен Ninety One тобының солистері Батырхан Мәлік пен Азамат Ашмақын қазақша «сөйлетті».  Екі жыл бұрын Pixar студиясы 13 жасар қыздың бой жетуі туралы «Бой жету» (Turning Red) мультфильмін түсірген еді. Енді студия көрермен назарына сол кинокартинаның жалғасы ретінде «Ойжұмбақ 2» мультфильмін ұсынып отыр. 

Сондай-ақ оқыңыз