Қазақстанның КСРО-ға енуі, Еуропа чемпионаты, Астанадағы да Винчи картинасы – Qalam-ның апта таңдауы

Жарияланды (жаңартылды )
Qalam-ның апта таңдауы / shutterstock

Qalam порталында осы аптада жарияланған материалдардың жаңа топтамасын ұсынамыз. Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізуді жоспарласаңыз бізбен бірге болыңыз. Осы аптада «Биыл Қазақстанның АКСР құрамына кіргеніне жүз жыл, бұл датаны тойлауға себеп бар ма? Төрткүл дүниені өзіне қаратқан Еуропа чемпионаты басталды, ал сіз футбол добының тарихын білесіз бе? Астанаға көрмеге қойылған La bella Principessa картинасы расында Леонардо да Винчидікі ме?», –  деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік, қызықтырса оқып көріңіз. Қосымша порталда «Азияның ұлы режиссерлері» очерктер жинағының алғашқы шығарылымы жарық көрді.

Что почитать на выходных от Qalam
Фото: белгісіз суретші. «Шығыс әйелін босату». Постер 1921 жылы Мәскеуде шығарылды және Кеңес Түркістан қыздарын комсомолға қосылуға шақырады / Wikimedia Commons

1924 жылғы 12 маусымда КСРО Коммунистік партиясының басшылығы Орталық Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеуді жүргізу туралы шешім қабылдады. Сол жылғы 24 қазанда кеңестік квазипарламент бұл шешімді заң жүзінде бекітті. Тойлауға себеп бар ма? Материалды мына жерден оқыңыз.

1971 жылдығы 12 маусымда ГФР мен Албания арасындағы Еуро-1972 іріктеу кезеңінің матчы/Getty Images

14 маусымда Германияда футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Осы тамаша оқиғаның құрметіне Qalam бүкіл әлемді есінен тандыратын доптың тарихына қысқаша шолу жасады.

Фото: Леонардо да Винчи (?).»Профильдегі әйел портреті» немесе «Жас қалыңдықтың портреті». Шамамен 1495 / Wikimedia commons

6 маусымда Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде көпшілікке әртүрлі атымен әйгілі картина ұсынылды. Ол картина расында Леонардо да Винчидің қаламынан шыққан ба, матералды мына жерден оқыңыз.

Фото: Александр Сытиннің «Тянь-Шань Контрабандашылары» повесі бойынша «Ыстықкөлдегі алқызыл көкнәр» фильмінен кадр. Режиссері: Болатбек Шамшиев. Қарабалта шекарашысы рөлінде-Қырғыз КСР еңбек сіңірген әртісі Сүйменқұл Чокморов, Калычи рөлінде-актриса Айтұрған Темірова. «Қырғызфильм» Киностудиясы. 1972 ж.

Qalam әртүрлі жылдары еңбек еткен азиялық алпауыт кинорежиссерлер жөніндегі очерктер сериясын шығаруды қолға алды. Алғашқы шығарылым қырғыз режиссері Болатбек Шамшиевке арналады.

Алдыңғы апта таңдауына да көз жүгіртіп өтіңіз.

Сондай-ақ оқыңыз