Ресей Федерациясының Ұлттық есеп айырысу депозитарийі АҚШ-тың қара тізіміне енгеннен кейін Euroclear ресейлік компаниялардың активтерін босату үдерісін тоқтатты. DW басылымы осы жөнінде жазды.
Брюссельде Euroclear Bank Ұлттық есеп айырысу депозитарийімен (ҰЕА) байланысты барлық актив бойынша қызмет ету шараларын кідіртті.
«Қазір біз «(ҰЕА-ға қарсы санкциялардың) Euroclear Bank-ке әсерін талдап жатырмыз. Келесі ескертуге дейін ҰЕА тікелей немесе жанама түрде қатысатын активтерге қызмет көрсету процестері тоқтатылды», – делінген Euroclear өз клиенттеріне жолдаған хатында.
АҚШ санкциясы салдарынан рубль құлдырауда
2 маусымда АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Мәскеу биржасын (MOEX брендімен жұмыс істейтін) SDN тізіміне енгізді. Қазақстан қор биржасы (KASE) АҚШ-тың Мәскеу биржасына санкция енгізуі оған құқықтық тұрғыда әсер етпейді деп мәлімдеді. Өйткені Қазақстан қор биржасының капиталындағы ресейлік биржаның үлесі жеткіліксіз.
АҚШ Мәскеу биржасына қарсы санкция енгізген соң, Ресей рублі құлдырады. Мәскеу биржасы валюта бөлімінде доллар, еуро және Гонконг долларымен сауда жасау тоқтатылғанын хабарлады.
Дегенмен биржадан тыс саудада шетел валюталарымен сауда-саттық жалғаса береді. Ресейдің ақша айырбастау пунктерінде АҚШ доллары мен еуро 200 рубльге сатылып жатыр. Ал сатып алу бағамы – 50 рубль.
Теңге 451,38 долларға теңесті
3 маусымда орташа сараланған бағам бойынша 1 долларға 451,38 теңге тең еді. Шетел валюталарымен сауда-саттық аясында теңгенің долларға шаққандағы орташа сараланған бағамы 451,04 болды. Ең төменгі көрсеткіш 449,56, максимум 452,15, сауда аяқталғандағы бағам 1 долларға – 451,95 теңге есептелінді.
KASE мәліметіне сәйкес 14 маусымдағы сауда-саттық сессиясының қорытындысында доллар бойынша сауда көлемі 193,63 млн долларды құрады. 13 маусымда жалпы сауда көлемі 169,902 млн доллар болған. Транзакциялар саны – 657. Бұл тұста Ресей рублі үшін 5,09 теңгеге тең болды.