Өңірлерде 40 градусқа дейін ыстық болады, күн күркіреп, бұршақ жауады

Жарияланды (жаңартылды )
Өңірлерде 40 градусқа дейін ыстық болады/ Фото: shutterstock

17 маусым күні біраз өңірде ауа райы ыстық болады.

«Қазгидромет» мәліметі бойынша Маңғыстау облысында 36-41 градус қатты ыстық күтіледі. Қызылорда да қапырық. Күндіз 40 градус ыстық сақталады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, әсіресе, күндізгі уақытта жасын ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл соғады. Астана да бұршақ астында қалуы мүмкін.

«Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі», – делінген ауа райы болжамында.

Ақтөбе облысында күндіз 35-38 градус, Батыс Қазақстан облысында  35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Қазақстаның біраз өңірінде жел екпіні 15-20 метр секундқа жетеді. Маусым айы басталғалы күн ыстығы төмендеген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз