Қазақстан банктерінің сыртқы таза активтері 8 жылда алғаш рет теріс мәнде қалыптасты
Қазақстан банктерінің сыртқы таза активтері 8 жылда алғаш рет теріс мәнде қалыптасты, Ұлттық банк дерегі бойынша қазір ЕДБ-ның таза сыртқы активтері -34,2 млн теңгені құраған.
Банктердің таза сыртқы активтерінің теріс мәні 2016 жылдың маусым айында тіркелген болатын. Ол кезде таза сыртқы актив көлемі -151 млрд теңгені құраған.
2024 жылдың наурыз айында банктердің таза сыртқы активі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседей қысқарған. Былтыр наурызда ЕДБ-нің сыртқы активтерінің көлемі 1 трлн теңгеден асса, биыл 536 млн теңгені құраған еді. Ал сәуірде көрсеткіш 319 млн теңгеге дейін азайып, бір айдан кейін теріс мәнге өткен.
Еркін айырбасталатын валютадағы (ЕАВ) таза сыртқы актив те азайғаны байқалады. Бір ай бұрын 1,17 трлн теңгені құраған бұл көрсеткіш қазір 948,7 млрд теңгеге тең.
Бейрезиденттерге ЕАВ-да қойылатын талаптар 3,9 трлн теңгені құрады. Ал бейрезиденттер алдындағы еркін айырбасталатын валютадағы міндеттемелер бір айда 2,6 трлн теңгеден 3 трлн трлн теңгеге дейін өскен.
Басқа да таза сыртқы активтері БВТ -982 млн теңгеге тең. Теріс коэффициент банктердің міндеттемесі олардың активтерінен асып түсетінін білдіреді.
Ал ішкі таза активтері 1 мамырдағы жағдай бойынша, 38,32 трлн теңгеге тең. Бұл көрсеткішке резервтер, Ұлттық банктегі депозиттер, қолма-қол теңге, жалпы талаптар (минус міндеттемелер), сондай-ақ Ұлттық банкке, Үкіметке және ел экономикасының қалған бөлігіне қойылатын талаптар кіреді.
Банктердің міндетті резерві сәуірде сәл азайып, 7,1 трлн теңгені құрағанымен, мамырда аздап өсіп, 7,3 трлн теңгеге жеткен. ҚҰБ-дегі аудармалы және басқа депозиттер көлемі 6,9 трлн теңгені құрайды. Банктерде 431 млрд теңгеге тең қолма-қол ұлттық валюта бар.
Ұлттық банкке қойылатын басқа талаптар 263 млрд теңгеден 218,5 млрд теңгеге дейін азайған. Ал Орталық үкіметке қойылған таза талап (мемлекеттік қарыз) көлемі 7,3 трлн теңгеге жеткен.
Депозиттер, бағалы қағаздар, қаржылық деривативтер, несиелер және басқа төлем шоттарын қоса алғанда, банктердің міндеттемелері 38,3 трлн теңге болды. Бір айда көрсеткіш 0,3 трлн теңгеге артқан.