Түрмелерде азаптау процестерін қарау ісіне алқабилерді қатыстыру жоспарлануда

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Түрмелерде азаптау процестерін қарау ісіне алқабилерді қатыстыру жоспарлануда / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстан түрмелерінде азаптау және өзге де қатыгездік түрлеріне қатысты процестерін қарау ісіне алқабилерді қатыстыру жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев пен Балалар омбудсмені Динара Закиев ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №10 мекемесіне барған.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың айтуынша, Қазақстанда 2025 жылы сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны жеңілдетілген түрге ауыстыру, түрмелерде азаптау және қатыгездіктің өзге де түрлеріне қатысты өтініштерін қарау процесіне алқабилерді енгізуді көздейтін пилоттық жүйе іске асырылады.

Уәкіл мен омбудсмен барған мекеме орташа қауіпсіздік санатына жатады. Оның ішінде жас балалары бар аналар жазасын өтейді. Жалпы колонияда 600 тұтқын болса, оның үшеуі кәмелетке толмаған балалар. Бұл ретте мекемеде әйелдермен бірге 42 бала – 24 қыз және үш жасқа дейінгі 18 ұл бала бар.

«Құқық қорғау институты ретінде өз тарапымыздан әйелдер мен балалардың құқықтарының сақталуына бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Биылғы жылдың сәуір айында елімізде әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған прогрессивті заң қабылданды», – деп атап өтті Ластаев.

2024 жылы 19 наурызда Алматының Алмалы аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау әдісін қолданған үш полиция қызметкеріне үкім шығарған. Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді. Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді. 

Сондай-ақ оқыңыз