НАТО ядролық қаруды жауынгерлік дайындыққа келтіруді талқылайды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Флаг НАТО
НАТО ядролық қаруды жауынгерлік дайындыққа келтіруді талқылайды / Фото: belta.by

НАТО Қытай мен Ресей альянсының қаупіне байланысты ядролық қаруды жауынгерлік дайындыққа келтіруді талқылап жатыр.

DW ақпаратына сүйенсек, Солтүстік Атлантикалық альянс блогының елдері Ресей мен Қытайдың өсіп келе жатқан қаупі жағдайына байланысты ядролық қаруын жауынгерлік дайындық жағдайына келтіру талқылайды. Бұл туралы 16 маусымда НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг айтты.

«Ядролық қару жауынгерлік дайындықта болуы керек. Қанша қаруды дайындау керек екендігін нақты айта алмаймын. Бірақ біз бұл мәселелерді талқылауымыз керек», – деді Столтенберг.

Бас хатшының айтуынша, НАТО-ның ядролық стратегиясының ашықтық болуы керек. 

«Біздің мақсатымыз ядролық қарусыз бейбіт әлем. Алайда қару бар кезде ядролық одақ болып қала береміз. Өйткені Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяның ядролық қаруы бар. Ал НАТО-да қару болмаса, бұл бейбітшілік үшін қауіпті», – деп атап өтті Столтенберг.

Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келіссөз жүргізу шарттарын атады. Атыс тоқтауы үшін Украина НАТО мүшелігіне өтуден бас тартуы керек және Ресей окупациясындағы жерлерден әскерін алып кетуі керек екенін айтты.

Ресей әскері Украинаның түкпір-түкпірінен кетсе, Киев ертең-ақ Мәскеумен бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын. Бұл туралы Швейцариядағы бейбітшілік саммитінде Украина президенті Владимир Зеленский айтты.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украина жеріне басып кірді. Соның алдында ғана Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы жікшіл Донецк пен Луганск республикаларын «тәуелсіз ел» деп мойындаған болатын. Артынша орыс әскері Донбасста әскери операция бастағанын мәлімдеді. Путин көрші елге жасалған агрессияны соғыс емес – демилитаризациялау үшін жасалған арнайы операция деп атады.

Сондай-ақ оқыңыз