Қаржы нарығын реттеу агенттігі клирингтік ұйымдарға брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру құқығын бермек

Жарияланды (жаңартылды )
АРРФР намерено наделить клиринговые организации дополнительными функциями
Клирингтік ұйымдарға брокерлік және дилерлік қызметті атқаруға рұқсат берілмек/ коллаж kursiv.media, бильд-редактор Аружан Махсотова

«Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша  клирингтік ұйымдарға номиналды ұстаушы ретінде клиенттік шоттарды жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беру көзделген.

Мәміленің мәні болып отырған бағалы қағаздарды сатып алу және жеткізу бойынша тараптардың бірі өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда ұйым кепілгер бола алады. Бұл қор нарығындағы міндеттемелерді орындауға кепілдік беретін инфрақұрылымдық ұйымдар ретінде клирингтік орталықтардың рөлін күшейтеді. Осы өзгеріс қазақстандық қор нарығының тұрақтылығын нығайта түседі.

Бұл операциялар ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында 1 шілдеге дейін талқылауға ұсынылды.

Клирингтік және есеп айырысу функцияларын жүзеге асыратын орталық контрагент Қазақстан қор биржасына (KASE) толық тиесілі KASE клирингтік орталығы (KASS) болып табылады. KASE 2012 жылдан бастап орталық контрагент функцияларын жүзеге асырып келеді. Бірақ 2023 жылдың қыркүйегіне дейін осы міндетін дербес орындады. Былтыр KASE биржадан қор нарығындағы орталық контрагенттің функциясын атқарды. Биыл маусым айының басында – валюталық және туынды нарықтарда контрагент қызметін атқарды.

Сондай-ақ оқыңыз