«Слава Украине» деп ұрандатып, 13 тәулікке қамалған қазақстандықтың ісіне қатысты СІМ пікір білдірді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстандық азаматтың ісіне қатысты деректерді ҚР СІМ анықтап жатыр / Фото: архив kursiv.media

Ресейде «Слава Украине» деп ұрандатқан үшін 13 тәулікке қамалған Қазақстан азаматының ісіне қатысты СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді.

Айбек Смадияров қазақстандық Андрей Хохловтың ісіне қатысты СІМ-ге ешқандай  ақпарат түспегінін айтты.

«Бізге ресми түрде Ресейде Қазақстан азаматы ұсталды деген ақпарат түспеді. Сіз айтқан жаңалықты БАҚ-тан көрдім. Біз деректі анықтап жатырмыз. Екінші сұрағыңызға тоқталайын. Бұлай ұрандатуға бола ма, болмай ма? Бұл өз еркіңізде және әр адам өз басына өзі жауапты. Жауапкершілікті ұмытпаған жөн»,  – деді Смадияров.

Айта кетейік, Ресейдің Орал қаласында Қазақстан азаматын украиналық ұранды айтқаны үшін 13 тәулікке сотталды. Ресей басылымының ақпаратына сүйенсек, Свердлов облысының Ревдинск қалалық соты полиция бөлімшесінде «Слава Украине» деп ұрандатқан Қазақстан азаматы Андрей Хохловқа 500 рубль көлемінде айыппұл салып, 13 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарған. Айыппұл ұсақ бұзақылық жасағаны, яғни балағат сөздер айтқаны үшін салынса, 13 тәулікті экстремистік ұйымның сәлемдесу атрибутын насихаттағаны үшін алған. Яғни Ресей полициясы ер адамның бұл әрекетін экстермистік нышандарды, УНА-УНСО және «Правый сектор» атты экстермистік ұйымдарының сәлемдесу атрибутын насихаттау деп бағалаған.

«Маусымның 4-і күні Хохлов балағат сөздер айтқаны үшін көшеде ұсталды. Цветников көшесіндегі Ревдинский полиция бөлімінде ұсталған ол қауіпсіздік күштерінің көзінше «қолын бұлғап», «Слава Украине» деп айқайлай бастаған», – делінген сот қаулысында.

Ресей басылымдары Хохловтың толықтай кінәсін мойындап, өз әрекетіне өкініп отырғанын хабарлайды. Қазақстан азаматы барлығын масаң күйде, білместіктен жасағанын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз