Қазақстан ғарыш спутниктерін шетелге сатып, ғарыш айлағында туризмді дамытуға ниетті
Қазақстан ғарыш жобалары үшін хаб құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өз ғарыш спутниктерін шетелге сатпақ. Бұл туралы баспасөз брифингі барасында Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсіп министрі Жаслан Мәдиев айтты.
Министрдің айтуынша, Қазақстан спутниктерді құрастыру мүмкіндігін қарастырып және ғарыш саласының айналасында стартап-экожүйені дамытуды жоспарлап отыр. Стартап-экожүйе қатысушылары оның негізінде өз технологиялық шешімдерін ұсына алатындай болады.
Оның ішінде Астанадағы Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінде құрастылып жатқан жаңа жерсеріктері бар. Тиісті келісімге 2023 жылы ҚР ЦДАӨМ мен Ghalam компаниясы қол қойған Ал дайын өнім 2027 жылы шағады деп жоспарланған.
Цифрлық даму министрі қазірдің өзінде спутник құрастыру және туризмге қызығушылық танытқан инвесторлармен келіссөз жүріп жатқанын айтты.
Мәдиевтің айтуынша, ғарыштан алынатын мәліметтерді басқа да мемлекеттік секторларда пайдалануға болады. Мәселен, спутниктік жүйені дамыту өрт пен су тасқынын анықтауға мүмкіндік беріп, мұнай және ауыл шаруашылығы салаларына көмектеседі.
Цифрлық даму экс-министрі Бағдат Мусин Digital Almaty 2024 форумында ШЫҰ елдерін Қазақстанда ғарыш жобаларын жасауға және зымыран ұшыруға шақырған болатын. Бұрынғы министр ғарышты дамыту бағытында да өзара байланыс орнатып, Жерді қашықтан бақылау спутниктерін өзара байланыстыруды ұсынды. Оның сөзінше, бұл жоба елдердің ақпарат алу мүмкіндігін жеңілдетеді.
Сол кезде Астанадағы ғарыш зауытында қазақстандық 3 спутник құрастырылып жатқанын атап өткен. Алдағы уақытта олар орбитаға жіберіледі. Тестілеуден өткізгеннен кейін, Қазақстан өзге елдерге де спутник жасауды қолға алатынын жеткізген.
Бұған дейін Мәдиев Илон Масктың интернеті Қазақстанда жаппай қолданысқа енгізіледі деуге әлі ерте екенін айтқан. Министр интернет нарығы бәсекеге қабілетті болуы керек деп тұжырымдайды. Десе де «осы технологиялық шешімдерді енгізуге деген ұмтылыс пен ұлттық қауіпсіздік» арасында тепе-теңдік сақталуы керек екенін атап өтті.