Жаңалықтар

Шағын және орта кәсіпорындар 2029 жылға қарай ЖІӨ еселенуіне қаншалықты үлес қоса алады?

Кәсіпорындар нарықтық өзгерістерге оңай бейімделеді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 45% -ы шағын және орта кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған. ҚР ҰСБ таратқан ағымдағы жылдың 1 мамырдағы ақпаратына көз жүгіртсек, елімізде 4,3 млн-нан астам адам шағын және орта кәсіпорындарда (ШОК) еңбек етеді. Дара кәсіпкерлерде 1,8 млн адам жұмыспен қамтылса, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлға 1,7 млн адам. Кәсіпорындар нарықтық өзгерістерге оңай бейімделеді. Икемділігі мен шешім қабылдау жылдамдығының арқасында шағын бизнеске өндірістік процестерді бақылау оңайырақ. Нарықтағы кенеттен болатын жаһандық экономикалық өзгерістерге де, сұраныс пен ұсыныстың  өзгерістеріне де жауап беру ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын бизнеске оңайырақ. Олар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда жоғары өндірістік икемділігімен, жаңа техника мен технологияларды тез енгізу мүмкіндігімен, өндірістік қуаттарды тиімді пайдаланумен ерекшеленеді.

                                                                              

Басты жұмыс беруші

Елімізде өңірлер бойынша шағын және орта кәсіпорындар басты жұмыс беруші болып отыр. Мысалы, Алматы қаласының жұмысқа қаблетті халықтың 86,4%-ы ШОК орындарында жұмысқа орналасқан. Бас қалада бұл көрсеткіш 74,3%-ға жетсе, Шымкент қаласында жергілікті кәсіпкерлер халықтың 51,8%-на жұмыс тауып беріп отыр. Қалған өңірлерде бұл көрсеткіш 50%-дан төмен мәнге ие. Осылайша, шағын және орта кәсіпорындар  бүгінгі таңда еліміздегі  басты жұмыс беруші статусын жылдан-жылға арттырып келеді.                                                                              

Дамыған елдердегі  шағын және орта кәсіпорындар

Көптеген дамыған елде үлкен кәсіпорындарға қарағанда шағын және орта кәсіпорындарға көп көңіл бөледі. Себебі, тәжірбие көрсеткендей небір экономикалық дағдарыстар кезінде үлкен, әрі ірі компаниялар оған бейімделу, емделу процесстерінен өте ауыр өтеді тіпті банкротқа ұшырап жатады.  Сондай-ақ ШОК-на қарағанда ірі кәсіпорындар инновация мен сыртқа жағдайларға тез бейімделгіш келеді.

Дамыған елдерде ШОК-тің экономикадағы (ЖІӨ-гі) үлесі 60-70%-ды құрайды. Мысалы, АҚШ-та 64,2%, Жапонияда-66,2%, ЕуроОдақта 62,4% пайызға дейін жеткен. Алысқа бармай-ақ көрші Өзбекстанда ШОК-тің  экономикадағы үлесі -51,2%-ға жетсе, Қырғызстанда былтыр 43,3%-ға дейін жеткен.  Бізде тек өңірлер бойынша осы көрсеткіште Астана қаласы-61,7%-ға жетсе, Алматы қаласының үлесі, 53,5%-ды құрап отыр.

                                                                                   

ШОБ  Қазақстан экономикасындағы үлесі қандай?

ҚР ҰСБ таратқан ақпаратына назар аударсақ, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ШОК-тің ел экономикасындағы үлесі -36,5%-ға жеткен. Алайда бұл  дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда аз. Дегенмен экономикадағы үлесі жоғары қарқынмен өсіп келеді деуге болады. Мысалы шағын орта кәсіпкерліктің ЖІӨ-дегі  үлесі 2018 жылы-28,4% болды. Үкімет 2025 жыға қарай оның үлесін -35,0%-ға жеткіземіз деген межені 2022 жылы орындап қойды. Үкімет енді 2025 жыл үшін жаңа жоспар құрып, бұл көрсеткішті 40% дейін жеткізуге ниетті.

                                                                 

Дара кәсіпкерлер саудаға бейім.

Елімізде тіркелген дара кәсіпкерлердің саны -1 742 732. Статистика бюросы баяндағандай, олардың 37,4%-ы көтерме және бөлшек сауда саласында кәсібін дөңгелетуде. Сондай-ақ дара кәсіпкерлер қызмет саласы мен ауыл шаруашылығында кәсіппен айналысуға бет бұрған. Ал қаржы және сақтандыру, электр энергиясы, тау кен саласынан алшақ.

Шағын кәсіпкерлік: Құрылыс саласында-236 мың адам  жұмыспен қамтылса, өңдеу өнеркәсібінде 161 мыңнан астам еңбек етеді. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлер білім беру саласында жұмыс істеп жүр, олардың саны – 108 мың.

Орта кәсіпкерлік: Орта кәсіпкерліктің әрбір төртінші қызметкері-өңдеу өнеркәсібінде (107 мың). Орта кәсіпкерлер қызмет көрсетуге жақын емес. Ол салада бар-жоғы 1800 жуық адам жұмыспен қамтылған.

Егер шағын бизнес, ең алдымен, сауда және қызмет көрсету саласында шоғырланса, орта компаниялар жоғары қосылған құн тудыратын салаларда – өңдеу өнеркәсібінде, құрылыста, ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Сонымен қатар орта бизнес онлайн-бөлшек сауда және билбордтар, тұтынушылық несиелеу, ұялы телефония, жеке медицина, ақпараттық технологиялар, құс шаруашылығы, ет өңдеу сияқты салаларды нөлден құрды немесе айтарлықтай модернизациялады. Бұл, әдетте, инновациялық, өнімділігі жоғары компаниялар, сондықтан олардың экономикада алатын орны ерекше.

Қазақстандық ШОК-тың жаһандық құн тізбегіне қатысуы

ҚР Ұлттық экономика министірлігінің мәліметінше, Қазақстанның ШОБ импорт тұрғысынан интернационалдандырылған. Алайда экспортқа елеулі үлес қоспайды. ШОБ тауарлар импортының 62%-дан астамын құрайды. Негізінен ішкі тұтыну үшін дайын өнім және экспорттың шамамен 18% – ы дамыған нарықтардағы шамамен 30-50% көрсеткіштеріне қарсы. Экспорттаушы кәсіпорындардың үлесі Қазақстанда өте төмен болып қалуда-тек 500-ге жуық ШОБ компаниялары 2022 жылдың қорытындысы бойынша экспорттаушы немесе барлық ШОБ-тың 1% – дан азы (Ресейде 1% – ға, Ұлыбритания мен Австралияда 2% – ға, ЕО[53]-да 26% – ға қарсы). Шикізаттық емес экспорттың үлесі 26,8 млрд доллар немесе 31,7%: тауарлардың 6%-ы дайын тауарлар санатына және 25%-ы жартылай фабрикаттар санатына жатады.

                                                                                       

ШОК ел экономикасын 2029 жылға қарай еселенуіне қандай үлес қоспақ?

ҚР Президенті өз жолдауында Үкіметке  Қазақстан 2029 жылға қарай ЖІӨ көлемін 2 есеге, яғни 450 млрд АҚШ долларға жеткізу тапсырмасын берген. ШОК да 2029 жылға қарай  қосылған құн көлемі  де кем дегенде 2 есе артуы қажет. Сегментті дамыту цифрландыру арқылы әкімшілік жүктемені және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, бизнесті бейресми экономиканы ірілендіруге және одан шығуға ынталандыруға, экспортқа бағдарланған кәсіпорындар санын ұлғайтуға, бәсекелестікті дамытуға және нарықтың тікелей және жанама бұрмалануын төмендетуге, бизнесті қолдау құралдарын жетілдіруге бағытталатын болады.

ШОК дамуына қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер етіп отыр? Үкімет қалыптасқан мәселелерді қалай шешеді?

Тауарлардың айналымын көлеңкеден шығару, тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті ынталандыру, негізсіз баға үстемелерін төмендету және нарық тиімділігін жалпы арттыру мақсатында тауарлардың қадағалануы қамтамасыз етілуі керек. Міндетті таңбалауға түсетін тауарлардың тізбесі, мысалы, санаттың «сұр» импортының үлесі, ағымдағы нарықтық құны және Қазақстанда өндірістің болуы сияқты өлшемшарттарды ескере отырып кеңейтілетін болады. Ал процестерді регламенттеуді құқықтық күшейту қажет. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау объектілерінің анықтамалығын жасау, сәйкестікті растау құжаттарын цифрландыру және тек цифрлық құжаттардың қолданылуын кеңейту бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Даму жоспары

Үкімет бекіткен «Ұлттық даму  жоспар -2029 жыл» ШОК дамытуда және оның үлесін ЖІӨ арттыру бойынша келесі басымдылықтарды анықтады. Олар:

– Бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру. Жұмыс кәсіпкерлерді қолдау шараларының тиімділігін арттыруға, олардың ауқымы мен өнімділігінің өсуін ынталандыруға, сондай-ақ әкімшілік шығындарды одан әрі төмендетуге және процестерді автоматтандыруға бағытталатын болады. Жеке бизнестің экономикаға қосқан үлесінің жалпы өсуінен басқа, бизнеске арналған ең танымал мемлекеттік қызметтердің көпшілігі толығымен автоматтандырылады.

Кәсіпорындардың жаһандық саудаға экспортқа бағдарлануын және қатысуын арттыру, отандық өндірушілерді ішкі нарықта ілгерілету. ШОБ-тың экспортқа бағдарлануын арттыру жөніндегі міндеттерді орындау экспорттаушы кәсіпорындардың үлесін және ШОБ-қа тиесілі экспорттың үлесін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы негізгі міндеттер-экспорттаушылар үшін платформаны дамыту, экспорттық қолдау көрсету процестерін жақсарту және сауда кедергілерін азайту. Бұл ретте Еуропалық Одақ, Қытай, Ресей және Орталық Азия елдері Орта мерзімді көкжиекте қазақстандық өнімді өткізудің негізгі нарықтары болып қалып отырса, таяу болашақта экспорттың географиясын кеңейту және оңтүстік-шығыс Азия, Таяу Шығыс елдеріне және басқа да басым нарықтарға жеткізуді ұлғайту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Бизнесті бейресми экономиканы ірілендіруге және одан шығуға ынталандыру. Салық режимі мен мемлекеттік қолдау жүйесі шеңберінде оң және теріс ынталандыру жүйесін енгізу, кәсіпорындардың бейресми сектордан формальды секторға көшуі үшін сауданың қазіргі заманғы форматтарының үлесін ұлғайту жоспарлануда.

Бәсекелестікті дамыту және нарықтың бұрмалануын азайту. Ұлттық экономиканы нығайту мақсатында адал бәсекелестікті дамытудың іргелі қағидаттарын қамтамасыз ете отырып, бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Баға белгілеуді реттеу арқылы да, нарықтарға тікелей қатысу және жекелеген ойыншылар үшін артықшылықтар жасау арқылы да мемлекеттің нарықтарға әсері азаяды.

Қорытынды

Экономикадағы шағын және орта кәсіпкерліктің орны мен рөлі оның атқаратын қызметтерімен және қоғамдық дамуға нақты үлесімен анықталады. Шағын кәсіпкерлік бүгінде экономикада болып жатқан барлық экономикалық процестердің «локомотиві» және әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірдің саласы ретінде кез келген елдің экономикасының тұрақты дамуының негізі болып табылады. Дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті анықтауға біркелкі көзқарас жоқ.

Шағын және орта  кәсіпкерлік – адамның жеке қабілеттерін қолдану саласы, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру тәсілі. Инновациялардың басым бөлігі ғылыми-техникалық прогреске және қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығының ең маңызды факторы ретінде «орта таптың» қалыптасуына ықпал ететін шағын кәсіпкерлік саласында жүзеге асырылады. Көптеген жетекші елдерде шағын және орта бизнес саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыруға, орта таптың құрылуына, рецессиядан шығуға, жаңа нарықтардың пайда болуына, реформалардың дәйекті түрде жүзеге асырылуына ықпал етті.