Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидалары бекітіледі

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Коллекторлардың берешекті реттеу қағидалары бекітіледі / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың қарыздарын реттеу қағидаларын әзірледі. Қарыз кешірілуі үшін белгілі топ өкілі әрі төлемді кейінге қалдыру және бөліп төлеу, айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоса алғанда, берешектің өтеу мерзімін өзгерту кезеңдерінен өтуі керек.

«Ашық НҚА» порталында жазылған ақпаратқа сәйкес, кейінге қалдыруға немесе қарызды кешіруге өтініш бере алатын топ өкілдері:

  • ВИЧ-инфекциясына байланысты екі айдан астам еңбекке жарамсыз адамдар, туберкулезбен ауыратын III топтағы мүгедектер; 
  • Жақын туыстары ауырып немесе қайтыс болған қарыз алушылар; 
  • Жазатайым оқиғадан, өрттен, су тасқынынан, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккендер; 
  • Орташа айлық табысы 30% төмендеген кезде ресми тіркелген жұмыссыздар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар немесе осындай мәртебесі бар адамдардың жұмыссыз отбасы мүшелері. 

Коллекторларға жүгіну құқығын бала туу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты демалысқа немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты алуға болады. 

Сонымен қатар жеке тұлғаларға қарызды одан әрі өтеу үшін кепілге қойылған мүлікті дербес сатуға рұқсат етілуі мүмкін. Сондай-ақ кепілге қойылған мүлікті коллекторлық агенттікке беруге рұқсат етілуі мүмкін.

Жобаны талқылау 1 шілдеге дейін жалғасады.

Алдағы екі жылда коллекторлық кеңселер проблемалық несиелері бар портфельдерді банктерден сатып ала алмайды. Қазақстандықтардың банк алдындағы қарыздарын коллекторларға сату 2026 жылға дейін тоқтатылады. Мұндай шара несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдағы өзгерістер мен толықтыруларда қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз