Шілде айында қазақстандықтар 9 күн демалады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
праздник
Шілде айында қазақстандықтар 9 күн демалады / Фото: Асқар Ахметуллин, бильд-редактор: Артур Алескеров

Шілде айында қазақстандықтарға бір күн қосымша демалыс беріледі. 2024 жылы Астана күні сенбіге сәйкес келетіндіктен демалыс дүйсенбіге ауыстырылады.

Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар Астана күніне үш күн демалады: 6, 7 және 8 шілде.

Жалпы шілде айында қазақстандықтар 9 күн демалады: 6, 7, 8, 13, 14, 20, 21, 27, 28. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 6, 7, 14, 21, 28 шілде болады.

Елорда күні Қазақстанда 1998 жылы Астана қаласына бас қала мәртебесі берілген сәттен бастап атап өтіледі. Бұрын мереке 10 маусымда қалалық деңгейде атап өтілетін. 2006 жылдан Астана күні 6 шілдеге ауыстырылып, республикалық деңгейде атап өтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз