«СҚ-Фармация» басшысы Ерхат Есқалиев жемқорлық қатысты шудан кейін қызметінен босатылды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Есқалиев «СҚ-Фармация» компаниясын 2020 жылдан бері басқарды / Фото: facebook.com/Ерхат Есқалиев, бильд-редактор: Денис Андреев

«СҚ-Фармация» дәрі-дәрмек дистрибьюторының төрағасы Ерхат Есқалиев қызметінен босатылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік есірткі мен медициналық жабдықтар айналымында сыбайлас жемқорлық мәселелері барын жариялаған.

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Есқалиев Ерхат Серікұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес ол 18 маусымнан бастап қызметінен босатылды», — делінген хабарламада. 

Министрлік Есқалиевті қызметінен босату себебін түсіндірмеді.

Ерхат Есқалиев 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. «Әділет» Жоғары құқық мектебін, Халықаралық бизнес академиясын, Қазақ экономикалық университетін бітірген. 

Атырау облысы әкімдігінде, Қаржы министрлігінде, «Қазақстан темір жолы» компаниясында жұмыс істеген. Индустрия вице-министрі, «Самұрық-Қазына» қорының «Көлік және Логистика» салалық дирекциясының директоры және Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Көлік логистикасы кіші комитетінің төрағасы болды.

2020 жылдың шілде айынан бастап «СҚ-Фармация» ЖШС төрағасы қызметін атқарды. ЕGov мәліметтері бойынша компания 2009 жылы құрылған. Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде фармацевтикалық және медициналық тауарлардың саудасына жауапты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикор) денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастаған. Бұл жұмысты агенттік «СҚ-Фармациядан» бастады.

Сондай-ақ оқыңыз