Жаңалықтар

Senat Open шахмат турнирінің жартылай финалының алғашқысы Шымкентте өтті

шахматы
Senat Open шахмат турнирінің бес жартылай финалының біріншісін Шымкентте өтті /Фото: ҚШФ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ұйытқы болуымен Қазақстан шахмат федерациясы Senat Open шахмат турнирінің бес жартылай финалының біріншісін Шымкентте өткізді. KazChess президенті Тимур Турловтың айтуынша, бұл өте ауқымды жоба.

«Қатысушыларды турнирдің осы кезеңіне өтуімен құттықтағым келеді. Мен Senat Open турнирі көптеген адам үшін алғашқы маңызды дода  болғанын білемін, ал басқалары үшін бұл шахмат ойнауды үйренуге басты мотивация болды. Іріктеу кезеңдері турнирді өзінің ауқымы, қатысушылардың қатысуы және географиясы бойынша теңдессіз деп санауға болатынын көрсетті. Бұрын соңды бірде-бір спорт федерациясы немесе қоғамдық ұйым Парламент Сенатының мұрындық болуымен мұндай ауқымдағы жарыс өткізген емес. Қазақстан шахмат федерациясының осындай ауқымды жобаны бірінші болып жүзеге асырғаны қуантады», – деді Турлов.

ҚШД хабарлағандай, тоғыз рапид туры қорытындысы бойынша «Оңтүстік» өңірінің 25 өкілі Senat Open финалына қатысу үшін іріктелді. Депутаттар, журналистер, қоғам белсенділері, әйелдер мен 60 жастан асқан қатысушылар арасындағы үздік ойыншылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

21 сәуірден бастап 15 облыс пен республикалық маңызы бар үш қалада іріктеу турнирлері өтті. Әр облыстың 25 үздік ойыншысы солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтық принцип бойынша құрылған жартылай финалдың бірінде ойнау құқығына ие болды.

«Тамыз айының соңында Астанада өтетін финалда 200-ге жуық адам бақ сынасады, оның ішінде парламент депутаттары мен республикалық БАҚ журналистері бар. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде», – деп атап өтті ҚШФ.

Бұған дейін қазақстандық Ризат Ұланның 8 жасқа дейінгі шахматтан Азия чемпионы атанғаны белгілі болған. Жас шахматшы сегізінші айналымнан кейін қарсыластарын жеңді. Жастар арасындағы 26-шы Азия чемпионатының аяқталуына бір тур қалды.