Жаңалықтар

Nvidia компаниясы Microsoft-ты басып озып, әлемдегі ең қымбат компанияға айналды

Nvidia компаниясы
Nvidia компаниясы әлемдегі ең қымбат компанияға айналды. Фото: kursiv.media

Nvidia компаниясы Microsoft-ты басып озып, әлемдегі ең қымбат компания атанды. Ол процессорлар мен видеокарталар өндіреді. Reuters пен CNBC жазуынша, Nvidia акциялары сейсенбі күнгі саудада рекорд орнатып, компания капиталы 3,33 триллион доллардан асты.

Сейсенбі күнгі саудадағы Nvidia акцияларының бағасы 135,53 долларға дейін жетті. Бұл бір күн бұрынғы сауда бағасынан 3,5%-ға жоғары және рекордтық көрсеткіш. 2024 жылдың басымен салыстырғанда Nvidia акциялары 170%-ға қымбаттаған.

Нәтижесінде Nvidia-ның нарықтық құны бір күнде 3,34 триллион долларға жақындап, ал Microsoft-тың нарықтық құны шамамен 3,26 триллион долларды құрайды. CNBC жазуынша, Microsoft акциялары 0,8%-ға төмендеген.

Осыдан біраз бұрын Rosenblatt сарапшылары Nvidia акцияларының мақсатты бағасын үштен бір есе көтерген еді. Nvidia қазір жасанды интеллект революциясын басқаратын чиптерімен танымал. Rosenblatt компания акциларының қымбаттауы оның бағдарламалық өнімдеріне деген сұранысқа байланысты болады деп сенеді.

Nvidia компаниясының болашағы қандай?

Rosenblatt өз зерттеуінде Nvidia-ныңHopper, Blackwell және Rubin сынды процессолары- ең тиімді және компанияның нарықтағы үлесін арттыруға ықпал етеді деп жазады. Олар сондай-ақ Nvidia аппараттық инновациялары: іргелес желілік коммутаторлар, желілік интерфейс карталары және деректерді өңдеу блоктарының өсу әлеуетін байқап отыр. Дегенмен сарапшылар бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдерін ерекше атап өтті. Инвестициялық банк сарапшылары алдағы онжылдықта Nvidia-ның өсімі – компания сатылымындағы бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдері үлесінің артуына байланысты боларына сенімді.

Инвестициялық банктің болжамы бойынша, Nvidia 2026 жылға қарай бір акцияға 5 доллар немесе одан да көп табысқа жетеді.

Bank of America Nvidia-ны US1 тізіміне қосты. Бұл тізімге кірген акциялар сатып алуға ұсынылатын ең озы инвестициялық құрал саналады. BofA инвестициялық тізімінде 40-тан аспайтын компания бар. Business Insider BofA тізімі былтыр S&P 500-ден асып түскенін жазды. Nvidia акцияларының BofA тізіміне енуі – компания үшін жақсы нышан. Осылайша банк акциялардың ұзақ мерзімді инвестициялар тұрғысынан қызықты екенін байқатады.