Жаңалықтар

ЦентрКредит банкі қазақстандық мамандарға қарағанда ресейліктерге екі есе көп жалақы төлегісі келе ме?

Банк ресейліктерге көп жалақы төлеу туралы хабарландыруды кемсіту деп бағалады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Желіде жарияланған ЦентрКредит банкінің бос жұмыс орындары туралы хабарламасында қазақстандықтарға қарағанда ресейлік мамандарға екі есе көп төлеуге уәде берген.

Банк мердігер компанияның мамандарға жалақы төлеуге қатысты келісімге келмегенін және оқиғадан кейін мердігермен келісімшарт бұзылғанын айтты. Банк мердігердің бұл әрекетін кемсіту деп бағалады.

IT вакансия туралы телеграмм-арнадан скрин

LinkedIn-де жарияланған ақпаратқа сәйкес, мердігер компания ЦентрКредит банкіне маман іздейтіні туралы жазған. 

«Golang, Middle деңгейінде жұмыс істейтін ірі қазақстандық банкке арналған маман іздейміз.  Валютамен төлем: Қазақстан азаматтары үшін күніне 76 доллар, Ресей азаматтары үшін күніне 139 доллар», – делінген хабарландыруда.

Жазбаға қатысты пікір жазып, оған қарсылық білдірушілер саны өсті.

ЦентрКредит Банкі аутсорсинг жағдайында әртүрлі компаниялармен жұмыс істейтінін хабарлады. Келісімшартқа сәйкес мердігер компания жобалау жұмыстарына қатысу үшін мамандарды ұсынуы керек. Банк компанияның жұмысына ақы төлейді, бірақ мердігердің мамандарға қандай жалақы ұсынатынын білмейді.

Наразылық тудырған жазбаға байланысты банк тексеру жүргізген. 

«Жалақы мөлшерін белгілеу мердігер компанияның бастамасы болған және ол жұмыс жайында хабарландыру жарияламас бұрын бізге хабар бермеген. Қазір бұл компаниямен шартын бұзу туралы шешім қабылданды», – деп мәлімдеді банктің баспасөз қызметі. 

ЦКБ ақпаратына сүйенсек, мердігер компания Ekleft деп аталады. Компанияның бас кеңсесі Канаданың Оттава қаласында тіркелген. Алайда аталмыш хабарландыру Ekleft компаниясының ресейлік сегментінде жарияланған.

Ekleft компаниясының ресейлік сегментіндегі телеграмм-арнадан скрин