Жаңалықтар

Ташкенттен Астанаға ұшқан ұшақ қона алмай, кері қайтты

Ташкенттен Астанаға ұшқан ұшақ қона алмай, кері қайтты / shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Ташкенттен Астанаға ұшқан Uzbekistan Airways ұшағы жүк бөліміндегі жалған дабыл әсерінен Ташкент әуежайына қайта оралды. 

Әуе компанияның ақпаратына сүйенсек, ұшақтың жүк бөлімінде дабыл қағылған. Компания дабылды жалған деп танығанын айтады.

«Әуекомпания мамандары әуе кемесінің ұшуына дайындық бойынша барлық қажетті жұмыстарды жүргізгеннен кейін ұшақ рейсті орындауды жалғастырады», – делінген хабарламада. 

Uzbekistan Airways жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. 

2024 жылдың қаңтар айында Науаи қаласынан Мәскеу қаласына бағыт алған ұшақ жолаушылардың бірінің жағдайының нашарлауына байланысты ұшуды тоқтатуға және Үргеніш қаласына қонуға мәжбүр болған. Жолаушыны ауруханаға жібергеннен соң, ұшақ бір сағаттан кейін Мәскеу әуежайына ұшты.

Наурызда Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында FIDS және ресми сайтында ұшу мәртебесінің дәлдігіне әсер ететін уақытша техникалық мәселелер туындады.